Show menu Search
Mass Media

You are here

News

0602/19
В 2019 году планируется ввести около 120 проектов на сумму 1,1 трлн. тенге с созданием 20 тыс. рабочих мест

2019 жылы жалпы сомасы 1,1 трлн. теңге болатын 120-ға жуық жобаны іске қосып, 20 мың тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр

2018 жылы Қазақстанның өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,1%-ке өсті. Бұл тау-кен секторының 4,6%-ке және өңдеуші өнеркәсіптің 4%-ке озық қарқынмен өсуі есебінен орындалды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жнңіс Қасымбек баспасөз конференция барысында хабарлады. Оның айтуынша, негізгі драйверлер-машина жасау (өсім 14,1%), химия өнеркәсібі (8,1%), мұнай өңдеу (8,1%), жеңіл өнеркәсіп (4,4%) және мұнай мен газ өндіру (4,8%) салалары.

«2018-ші жылдың қорытындысы бойынша өңдеуші өнеркәсіпте жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны 14,7 мыңға жетті. Жалпы алғанда өнеркәсіп бойынша еңбек өнімділігі 3,5%-ке, негізгі капиталдағы инвестициялар –27%-ке (2018 жылдың 12 айында – 6,6 трлн. теңге) өсті. Индустрияландыру бағдарламасын іске асыру кезеңінде  (2010 жылдан бастап) жалпы құны 7,9 трлн. теңге болатын 1 250-ден астам жоба іске қосылып, 120 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Ал, 2018-ші жылы құны 1,3 трлн. теңге болатын 100 жоба іске қосылып, 13 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды. 2019 жылы жалпы сомасы 1,1 трлн. теңге болатын 120-ға жуық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл жобалар бойынша 20 мың тұрақты жұмыс орны құрылады», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында 2022 жылға қарай тау-кен металлургия кешені мен өңдеу өнеркәсібінің 100-ден астам кәсіпорынына инновациялық және цифрлы технологияларды енгізу жоспарланып отыр.

Биыл тау-кен металлургия, химия, құрылыс және тамақ өнеркәсібінің 32 кәсіпорына инновациялық және цифрлы технологиялар енгізілетін 38 жоба іске асырылатын болады.

2018 жылдың қорытындысы бойынша көлік қызметінің көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 4,6%-ке артты.

«Қазақстан территориясы арқылы көліктің барлық түрімен тасымалданған жүк транзитінің жалпы көлемі 6%-ке өсіп, 19,2 млн. тоннаны құрады, оның ішінде Қытай-Еуропа бағытында 40% (171,2 мың конт.), Еуропа-Қытай 80%(139,6 мың конт.). Осылайша, Еуразияның ортасында транзиттік-логистикалық хабты қалыптастыру туралы айтуға болады», - деп хабарлады министр.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауқымды автожол жобаларын іске асыру жалғасады. 2018 жылы республикалық маңызы бар 1,5 мың км жол жөнделді және 528 км автожол қайта жаңғыртылды. Өңіраралық инфрақұрылымды жүйелі дамыту үшін өткен жылы жергілікті желідегі жолдарды жөндеуді қаржыландыру паритетті негізде 2 есеге артып, 150 млрд. теңгеге дейін жеткізілді. 4 мың шақырымнан астам автожол жөнделді.

«Азаматтық авиация саласында тұрақты өсім көрсеткіші бар. Транзиттік әуе жолаушылар саны 2010 жылы 20 мың болса, 2018 жылы 900 мыңға дейін өсті (2017ж. - 620 мың адам). 2020 жылы транзиттік әуе жолаушылар саны 1,6 млн. адамға жетеді. Биыл бірінші жартыжылдықта бюджеті төмен Fly Arystan әуе компаниясын іске қосу жоспарланып отыр. Алғашқы жылы «Эйр Астана» әуекомпаниясынан 2 есе төмен бағамен 1 млн. жолаушыға дейін тасымалдау жоспарлануда», - деді министр Жеңіс Қасымбек.

2018 жылы құрылыс саласы тұрақты өсім қарқынын көрсетіп, 2017 жылдың деңгейінен 4,1%-ке артты және еңбек өнімділігінің өсімі 9%-ті құрады. Тұрғын үй құрылысында инвестиция 8,1%-ке (1,2 трлн. теңге) артты.

««Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша мемлекеттің 1 теңгесіне 6 теңге жеке инвестиция тартылды. Бұл да негізгі көрсеткіштердің бірі. 12,5 млн. шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді, яғни, рекордтық көрсеткіш және 2017 жылдағы деңгейден 12,1%-ке жоғары. 2018 жылы тапсырылған тұрғын үй бір тұрғынға шаққанда 0,68 шаршы метрді құрады. Бұл ТМД елдері  арасындағы ең жоғары көрсеткіш», - деп атап өтті министр.

113 мың отбасы тұрғын үй жағдайларын жақсартты, оның ішінде мемлекет қаржысы есебінен 14 мың отбасы арендалық және кредиттік тұрғын үймен қамтылды (арендалық – 3,7 мың, кредиттік – 11 мың пәтер).  Жалпы 2019 жылы 13 млн. шаршы метр тұрғын салу жоспарланып отыр.  Осының нәтижесінде шамамен 118 мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Барлық қабылданған шаралар 2030 жылға дейін бір адамға шаққанда 30 шаршы метрден келетіндей мақсатты индикаторды орындауға бағытталған.


© 2019

Official Internet website

Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan