Show menu Search
Mass Media

You are here

News

0802/19
В Астане прошел форум по цифровой маркировке

Астанада цифрлық таңбалау жөнінде форум өтті

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Қаржы министрлігінің қолдауымен «Қазақтелеком» АҚ ұйымдастырған «Тауарлардың цифрлық таңбалануы және қадағалануы» атты халықаралық форумы өтті.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда жөніндегі алқа мүшесі (министр) Вероника Никишина, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек, Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Алексей Беспрозванных, Беларусь Республикасы салықтар және алымдар жөніндегі министрдің орынбасары Владимир Муквич, Қырғыз Республикасы Экономика министрінің орынбасары Дастан Қадыров қатысты.

 Экономиканы дамытудың басым бағыттарының бірі көлеңкелі айналымды болдырмау, халықты халық тұтынатын қауіпсіз және сапалы тауарлармен қамтамасыз ету үшін жүйелі шаралар қабылдау, өнеркәсіпті дамыту және шет елдермен сауда қатынастарын нығайту.

 Осы мақсаттарға қол жеткізу жаңа технологияларды қолдануды көздейтін контрафактілік және жалған өнімдердің айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралармен негізделген. Мұндай құралдардың бірі АҚШ, ЕО елдері, Бразилия, Қытай және т.б. сияқты әлемнің бірқатар дамыған елдерінде табысты қолданылатын тауарларды цифрлық таңбалау болып табылады. Әлемдік нарықтарда таңбалануға жататын тауарларға дәрілік заттар, темекі бұйымдары, минералды су, алкогольсіз сусындар, тамақ өнімдері мен мал азығы, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілері жатады.

 Пленарлық сессия барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин атап өткендей, лицензияланбаған өнім айналымына қарсы күрес экономика салаларын дамыту, отандық өндірушілер үшін шығындарды қысқарту, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін кеңейту және азаматтардың әл-ауқатының деңгейін арттыру үшін базаны ұлғайту қосымша кеңістік құрудың іс жүзінде іске қосылмаған тетігі болып табылады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, Қазақстанда цифрлық таңбалау жүйесін енгізу қауіпсіз және сапалы өнімдердің "ашық" нарығының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған. "Қадағалаудан барынша жоғары нәтиже алу мақсатында салалық уәкілетті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін тауарларды таңбалау жүйесімен (салалық және физикалық қадағалаудың біріктірілуі) біріктіруді қамтамасыз ету қажет. Ақпараттық жүйелер деректерінің ұштастыру нүктесі Ұлттық тауарлар каталогы болып табылады, онда салалық уәкілетті мемлекеттік органдар беретін тауарға арналған барлық рұқсат беру құжаттары бойынша ақпарат қамтылады", - деп атап өтті министр.

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеев барлық тартылған қатысушылар өз жауапкершілігінің дәрежесін түсінуі және міндеттемелерді сақтауы тиіс екенін атап өтті. Бұл ретте осы мәселе бойынша шоғырландырылған ұстанымды, оның ішінде тараптар бір-бірін естуі және келісілген шешімдер әзірлеуі тиіс мемлекетпен бизнес диалогы жүргізілетін ұқсас алаңдар арқылы әзірлеу маңызды. Форумға қатысқан сарапшылардың болжамдары бойынша, әр түрлі салаларды қозғайтын осы жобаны енгізу нәтижесінде елдер көлеңкелі экономика көлемін қысқартуға, бизнесті жүргізу үшін тең бәсекелестік жағдай жасауға, ал нәтижесінде – заңды нарықты айтарлықтай арттыруға қол жеткізе алады.

 Сондай-ақ, қатысушылар таңбалауға және қадағалауға жататын тауарлар тізбесі Үкімет деңгейінде бекітілетінін атап өтті. Қазақстан Республикасының мемлекеттік уәкілетті органдары жетекшілік ететін салалардағы тауарлар айналымына бақылау жасайды және мониторинг жүргізеді. Міндетті таңбалауды енгізу туралы шешім қабылдаудың алдында пилоттық жобалар болады. Айта кетерлігі, тауарларды таңбалау тәжірибесі Қазақстанда қолданылуда - 2017 жылы Тері бұйымдарын таңбалау бойынша пилоттық жоба іске қосылды, ол жақсы нәтиже көрсетті. Мәселен, пилоттық жобаны іске асыру басталғаннан бері 264 мың Тері бұйымдары таңбаланды, алдыңғы таңбалаудың кезеңімен салыстырғанда тауарларға арналған декларацияны ресімдеген импорттаушылар санының өсуі байқалады, импорт бойынша кедендік баждар мен салықтар түсімдерінің өсуі байқалады, ол 372,3 млн.теңгеден 516,2 млн. теңгеге дейін өсті; сондай - ақ осы қызмет бойынша ішкі салықтар түсімдерінің 1,5 есеге, 430,8 млн. теңгеден 648,6 млн. теңгеге дейін өскені байқалады. Сонымен қатар, тері бұйымдарын таңбалау жөніндегі жобаны іске асыру жеңілдік салық салу үшін шекті мәнді қолдану мақсатында табысты төмендететін салық төлеушілерді анықтауға мүмкіндік берді. Мәселен, патент негізінде қызметті жүзеге асыратын субъектілер саны 6,2 есеге (243-тен 19-ға дейін) қысқарды.

 

Анықтама ретінде:

 Бүгінгі күні ЕАЭО шеңберінде осы бағытты іске асырудың құқықтық негізі бар - "Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің аумақтарында жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің жекелеген түрлерін таңбалау жүйесін әзірлеу туралы" және Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісім. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы» ЕЭК Жоғары Кеңесінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 88 шешімі, онда тауарларды таңбалаудың ұлттық жүйесін құру жолдары көзделген, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында қарауда.

 


© 2019

Official Internet website

Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan