Show menu Search
Mass Media

You are here

News

1505/19
Роман Скляр выступил в ходе 3-го казахстанско-американского бизнес-форума «Конкурентоспособный Казахстан»

Роман Скляр «Бәсекеге қабілетті Қазақстан» 3-ші қазақстан-американдық бизнес-форумында сөз сөйледі

Бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр «Бәсекеге қабілетті Қазақстан» 3-ші қазақстандық-американдық бизнес-форумы аясында өткен «Индустрия және инфрақұрылымдық даму» панельді сессиясында сөз сөйледі.

Өз сөзінде Министр ҚР ИИДМ-нің американдық компаниялармен бірге кең ауқымды мәселелер бойынша атқарған жұмыстарын, онда тау-кен өнеркәсібіндегі ынтымақтастық мәселелері жетекші орынға ие екендігін атап өтті. Соңғы 3 жылда Құрама Штаттардың тек тау-кен өнеркәсібіндегі тікелей инвестициялар көлемі 3 есеге артып, 5 млрд. АҚШ долларынан асты.

«Өнеркәсіп пен инфрақұрылымды дамыту - Қазақстанның экономикалық саясатының басым бағыты. Бұл салада американдық Chevron Corporation, General Electric, Halliburton, NalcoChampion, Weatherford, Flowserve компанияларымен және басқалармен ынтымақтастықтың оң нәтижелері бар», - деді министр.

Қазіргі уақытта Министрлік жалпы сомасы 450 млн. АҚШ долларын құрайтын 5 перспективалық жобалар бойынша болат әзірлемелерді, катализаторларды, өңірлік авиациялық ұшақтарды құрастыру және т.б. өндіретін зауытты салу жөнінде жұмыс жүргізуде.

Министр американдық компанияларды өз тәжірибесі мен технологиясын қолдана отырып қазақстандық өндірістік индустрияны дамытуға белсенді түрде қатысуға шақырды. Осы бағытта Қазақстан 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда, Индустрия 4.0 саласын енгізу және экономиканы әртараптандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Индустрияландырудың 9 жылы ішінде шамамен 20 млрд. АҚШ доллары сомасына 1250 жоба енгізілді. Осы бағдарламаның аясында бизнесті қолдаудың әртүрлі шаралары қарастырылған - жеңілдікпен қаржыландыру, ұзақ мерзімді лизинг, несие бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, инновациялық гранттар беру. Арнайы экономикалық аймақтарға қатысушыларға салық жеңілдіктері және басқа да жеңілдіктер беріледі. Бүгінгі таңда Қазақстанда 12 АЭА және 24 өнеркәсіптік аймақтар жұмыс істейді.

Министр сондай-ақ көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту саласындағы екі елдің ынтымақтастығының келешегі туралы әңгімеледі. «Әлемде көлемі жағынан ең ірі және теңізге шығу мүмкіндігіне ие болмаған тоғызыншы мемлекет ретінде Қазақстан аймақтың ең ірі логистикалық орталығы болып табылады. «Ашық аспан» қағидаты бойынша АҚШ-пен тікелей әуе қатынасы туралы Келісімнің жасалғаны біздің елдерімізді байланыстырып, екі елдің іскер топтарын біріктіруге мүмкіндік беретініне сенімдімін», - деп атап өтті Роман Скляр.

Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың тағы бір перспективалы бағыты - инновация және жаңа технологиялар саласы. 2017 жылдың тамыз айында Силикон алқабында инновациялық жобалармен, оның ішінде «Стартап-Қазақстан» бағдарламасы үшін GVA-мен жұмыс істейтін Hack Temple-базасында Қазақстан өкілдігі ашылды. Қазақстанда «Autodesk CIS» және «Ecodomus» американдық компанияларымен бірге BIM технологиясын енгізу орталығы және зертханасы құрылды. Ынтымақтастықтың бұл саласы құрылыс объектілерін модельдеу және қалалық ортаны жаңғырту саласында ақпараттық технологияларды қолдануға ықпал етеді.

 


© 2019

Official Internet website

Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan