Show menu Search
Mass Media

You are here

News

1505/19
В рамках II Форума Казахстанско-Китайского межрегионального сотрудничества обсуждены вопросы индустриализации, транспорта и логистики

Қазақстан-Қытай өңіраралық ынтымақтастығының II форумы аясында Индустрияландыру, Көлік және логистика мәселелері талқыланды

Ағымдағы жылдың 15 мамырында Алматы қаласында Қазақстан-Қытай өңіраралық ынтымақтастығының II форумы өтті. Қазақстан тарапын ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов басқарды, Қытай тарапын ҚХР Премьер-Министрінің орынбасары Хань Чжэн мырза басқарды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі Аманияз Ержанов форум аясында өтіп жатқан қазақстандық өнімдер көрмесінде делегация басшыларын Қазақстанның экспортқа бағытталған тауарларымен таныстырды.

Көрмеде барлығы 16 компания мен олардың өнімдері ұсынылды. Олардың ішінде: 73 түрлі қайта зарядталатын батареялар шығаратын «Қайнар АКБ» ЖШС; қытай мемлекеттік СМС компаниясымен стратегиялық әріптестік орнатқан «СарыарқаАвтоПром» ЖШС,; Қазақстанда «Golden Dragon» маркалы автобустарын шығаруға және сатуға арналған Қытай өндірушісі «Golden Dragon Bus Company» автобустарын тарату туралы дистрибьюторлық келісімге қол қойған Hyundai Trans Auto; Алматы қаласындағы С.М. Киров атындағы Машина жасау зауыты. кеме гидравликасы саласындағы өз өнімдерін: гидравликалық цилиндрлерді, пневматикалық аккумуляторларды, гидравликалық машиналарды, гидравликалық бөлгіштер және т.б. таныстырды; 2017 жылдан бастап тоқыма бұйымдарын және т.б. ҚХР-ға экспорттауды іске асыратын «AZALACotton» ЖШС  және басқалар.

Форумның пленарлық сессиясы аясында Индустрияландыру, инфрақұрылымдық саланы дамыту, сондай-ақ ҚХР-ға қазақстандық өнімнің экспортын арттыру саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, форум аясында ҚР ИИДМ желісі бойынша индустрияландыру және инвестициялар, сондай-ақ көлік және логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша панельдік сессиялар өткізілді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов "Индустрияландыру және инвестициялар" панельдік сессиясында сөйлеген сөзінде атап өткендей, Мемлекет басшысының Қытайға соңғы сапары барысында индустрияландыру және инвестициялар саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша келісімге қол жеткізілді, бүгінгі таңда жалпы сомасы 27,4 млрд.АҚШ долларын құрайтын 55 бірлескен жобаның 10-ы өткен 3 жылда жүзеге асырылды.

"Аталған жобаларды іске асырудан біз шетелдік нарыққа экспорттауға бағытталған қосымша құны жоғары аса сапалы отандық өнім шығаруға қабілетті бірқатар жоғары технологиялық кәсіпорындар құруды күтеміз. Елдердің арасындағы тауар айналымын арттыру мақсатында Қазақстан металлургия, машина жасау, химия және тамақ өнеркәсібі сияқты салаларда отандық тауарлардың кең ассортиментін ұсынуға дайын", - деді вице-министр.

Аталған панельдік сессия жұмысына ҚХР-ның 60-тан астам өкілі және ҚР-ның 40-тан астам өкілі қатысты.

"Көлік және логистика" панельді сессиясының жұмысына ҚР ИИДМ Көлік комитетінің төрағасы Самат Гилимов және ҚР ИИДМ Транзитті және көліктік логистиканы дамыту департаментінің директоры Серік Бәшімов қатысты.

С.Бәшімов. Сондай-ақ, ол "Нұрлы жол" жаңа экономикалық саясаты мен "Жібек жолының экономикалық белдеуін"салу аясында шешілетін екі елдің міндеттері туралы айтты. Оның ішінде тасымалдарды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, көлік инфрақұрылымын, оның ішінде ҚХР-Еуропа-ҚХР бағыты бойынша салуға қатысу, логистикалық терминалдарды бірлесіп инвестициялау; ҚР және ҚХР аумағы арқылы тұрақты жүк пойыздарының санын арттыру; ҚР және ҚХР аумақтарында жүктерді біріктіру орталықтарын бірлесіп дамыту; еуразиялық көлік дәліздерін дамыту; тасымалдарды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Осы сессияның жұмысына екі тараптан да 50-ден астам өкіл қатысты.

В рамках II Форума Казахстанско-Китайского межрегионального сотрудничества обсуждены вопросы индустриализации, транспорта и логистики

 


© 2019

Official Internet website

Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan