Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Басшылық

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

АТАМҚҰЛОВ БЕЙБІТ БӘКІРҰЛЫ
АТАМҚҰЛОВ БЕЙБІТ БӘКІРҰЛЫ

1964 жылы 19 мамырда дүниеге келген.

1986 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-металлург мамандығы бойынша аяқтады.

2000 жылы Санкт-Петербург экономика және қаржы мемлекеттік университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Өзінің еңбек жолын 1985 жылы А.П. Завенягин атындағы Норильск тау-кен металлургия комбинатының Жез балқыту зауытында балқытушы ретінде бастады.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жауапты хатшысы

 Пшембаев Мереке Кудайбергенович
Пшембаев Мереке Кудайбергенович

Туылған күні: 19.12.1962

Туылған жері: ҚазССР; Павлодар облысы; Май ауданының Ақжар селосы

Тілдер білуі: Қазақша, орысша

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

- Өскемен құрылыс -жол институты (1985)

Инженер-құрылысшы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Бірінші вице-министрі

Өскенбаев Қайырбек Айтбайұлы
Өскенбаев Қайырбек Айтбайұлы

Өскенбаев Қайырбек Айтбайұлы 1964 жылы Астана қаласында дүниеге келген. 1986 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 1996 жылы — Ақмола аграрлық университетін және 2004 жылы Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Дипломатиялық академиясын тәмамдаған. Заңгер, ұйымдастырушы-экономист және халықаралық қатынастар саласындағы маман ретінде білікті.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

Камалиев Берік Сайлауұлы
Камалиев Берік Сайлауұлы

Камалиев Берік Сайлауұлы 1960 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

Қарағанды политехникалық институтын, Қарағанды мемлекеттік университетін, Ресей Федерациясы президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

Тоқтабаев Тимур Серікұлы
Тоқтабаев Тимур Серікұлы

1981 жылғы 26 қазанда дүниеге келген.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының түлегі. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Қаржыгер» мамандығы бойынша, Қ.И.Сәтбаев атындағы  ұлттық техникалық университетін «Геология және пайдалы қазба кеніштерін барлау» мамандығы бойынша бітірді.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

Ержанов  Аманияз Қасымұлы
Ержанов Аманияз Қасымұлы

Ержанов  Аманияз Қасымұлы 1960 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын, БЛКЖО ОК жанындағы жоғары комсомол мектебін, Қазақ мемлекеттік басқарма академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1982 жылы Орал облысы Тайпақ ауданының Красноярский кеңшарының бас инженер-гидротехнигі қызметінен бастаған.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

Жанжуменов Талғат Жеңісұлы
Жанжуменов Талғат Жеңісұлы

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Талғат Жеңісұлы Жанжуменов ҚР ИИДМ басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Талғат Жанжүменов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол Ленин комсомолы атындағы Вольское жоғары әскери училищесін, РФ Қарулы Күштерінің тыл және көлік Әскери академиясын, РФ Қарулы Күштерінің Бас штабының Әскери академиясын бітірген. Жоғары арнайы әскери, жедел-стратегиялық білімі бар офицер.

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі