Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

Жанжуменов Талғат Жеңісұлы
Жанжуменов Талғат Жеңісұлы

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Талғат Жеңісұлы Жанжуменов ҚР ИИДМ басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Талғат Жанжүменов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол Ленин комсомолы атындағы Вольское жоғары әскери училищесін, РФ Қарулы Күштерінің тыл және көлік Әскери академиясын, РФ Қарулы Күштерінің Бас штабының Әскери академиясын бітірген. Жоғары арнайы әскери, жедел-стратегиялық білімі бар офицер.

Еңбек жолын 1989 жылы танк полкінің азық-түлік қызметінің бастығы болып бастады. Әр жылдары ҚР Әскери-әуе күштерінде, РФ Қарулы Күштерінде, ҚР Қорғаныс министрлігінде, ҚР Республикалық гвардиясында, ҚР Қауіпсіздік Кеңесінде жұмыс істеді.

2001-2006 жылдары ҚР Республикалық ұланы қолбасшысының орынбасары қызметін атқарды.

2008-2010 жылдары - ҚР Қарулы Күштерінің Тыл бастығы.

2010-2013 жылдары - ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары.

2014-2015 жылдары-ҚР Президенті Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.

2015-2016 жылдары - ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі.

2016 жылғы қазаннан бастап 2019 жылғы сәуірге дейін ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылғы сәуірден бастап шілдеге дейін ҚР цифрлық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі қызметін атқарды.

2019 ж. шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму  вице-министрі.

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі