Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

Тоқтабаев Тимур Серікұлы
Тоқтабаев Тимур Серікұлы

1981 жылғы 26 қазанда дүниеге келген.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының түлегі. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Қаржыгер» мамандығы бойынша, Қ.И.Сәтбаев атындағы  ұлттық техникалық университетін «Геология және пайдалы қазба кеніштерін барлау» мамандығы бойынша бітірді.

2003 жылдан бері мемлекеттік қызметте, 2006 жылы Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне қарасты «Қазгеоинформ» геологиялық мәліметтер орталығы жетекшісінің орынбасары, «Таукен-самұрық» ұлттық тау кен компаниясында департамент директоры қызметтерін атқарған.

2013-2016 жж аралығында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры болды.

2016 жылдың қаңтарынан бастап ҚР ИДМ этика жөніндегі уәкілетті өкілі.

2016 жылғы 11 шілде ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі болып тағайындалды.

2019 ж. ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму  вице-министрі.

«Ерен еңбегі үшін» медалі (2015 ж.) және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016 ж.) мерейтойлық медалімен марапатталған.

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі