Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Жаңалықтар

0901/19
В Алматы проведен международный круглый стол по халяль продукции

Алматыда халал өнімі бойынша халықаралық дөңгелек үстел өтті

2019 жылдың 9 қаңтарында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «ХАЛАЛ» стандарты бойынша 101 Техникалық Комитетімен бірігіп Қазақ Ұлттық Аграрлы Университетінің алаңында «Халал индустриясының даму үрдістері» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға Ұлыбританиядан, Сингапурдан келген сарапшылар, «ҚазСтИн» РМК Алматы қаласы бойынша филиалының, ҚазҰАУ, Қазақстандағы "HALAL QUALITY CENTER" ЖШС-нің, «Халал Даму» ЖШС-нің, сонымен қатар сүт, ет, тамақ өнімдерінің өндірушілері қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты аккредиттеу, стандарттау және техникалық реттеу саласында Халал өнімдерін  дамытудың халықаралық тәжірибиесін зерттеу болып табылады.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар халал индустриясын дамытуда шет елдік тәжірибиесімен алмасты, соның ішінде халықаралық деңгейде аккредиттеу және сәйкестікті бағалау сұрақтары бойынша. Сонымен қатар, GHP гигиеналық тәжірибені және GMP өндірістік тәжірибе стандарттарының қатаң талаптарын қосатын халал өнімінің шетелдік стандарттарын ұсынды.

Сонымен қоса, Департамент басшысының орынбасары Қанат Керімқұлов Қазақстандағы халал индустриясының дамуын атап өтті және халал өніміне 2019 жылы әзірленетін стандарттарды атады.   


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі