Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Жаңалықтар

3011/19
29 ноября в Алматы состоялся «Саммит строительства 2019», где представители экспертного сообщества определили основные проблемы строительной отрасли Казахстан, проанализировали факторы, влияющие на качество производства строительных материалов и уровень выполнения работ.  В Саммите приняли участие руководители строительных и проектных компаний, предприятий стройиндустрии, органов государственного и негосударственного контроля качества компаний BIM-технологий.  Мероприятие было организовано Союзом строительн

Алматыда құрылыс сапасын жақсарту мәселелері талқыланды

29 қарашада Алматыда «2019 сапа Саммиті» өтті, онда сарапшылар қауымдастығының өкілдері Қазақстанның құрылыс саласының негізгі проблемаларын анықтады, құрылыс материалдары өндірісінің сапасына және жұмыстардың орындалу деңгейіне әсер ететін факторларды талдады.

Саммитке Құрылыс және жобалау компанияларының, құрылыс индустриясы кәсіпорындарының, BIM-технологиялар компанияларының сапасын мемлекеттік және мемлекеттік емес бақылау органдарының басшылары қатысты.

 Іс-шараны  Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Sheber» құрылысшылар Одағы ұйымдастырды.

Саммитте Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев сөз сөйледі, ол Қазақстанда құрылыс саласын дамытудың, әсіресе «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша  жоғары қарқыны байқалатынын атап өтті.

«Биыл Алматыда 2,1 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Біз бұл жоспарға қол жеткізуге болатынын байқап  отырмыз. Бұған көп пәтерлі тұрғын үй және ЖТҚ кіреді. Алайда ЖТҚ құрылымы біртіндеп өзгеріп келеді, себебі Алматы сияқты үлкен мегаполис ЖТҚ жаппай пайдалана алмайды, себебі, бұл ірі қалаларды дамыту талаптарына сәйкес келмейді. Соңғы уақытта көптеген жаңа технологиялар пайда болады, сондықтан бұл өзгерістер бізге де әсер етті», - деп атап өтті әкімнің орынбасары.

Сарапшылар қауымдастығы құрылыс саласының дамуына жаңа серпін беретін бірқатар инновацияларды ұсынды.

Атап айтқанда, «ҚазҚСҒЗИ»  АҚ  Басқарушы директоры Александр Шахнович, тапсырыс берушілер құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу технологиясын (ҚОАМТ) пайдалана отырып,  қауіптерді қалай төмендетуге болатынын айтып өтті.

«Ақпараттық модельдеу технологиясы құрылыстың барлық кезеңдерінде сапаға қойылатын талаптарды сақтауға мүмкіндік беретін ақпараттық стержень құруға мүмкіндік береді. Бұған, ең алдымен, процесстің айқындығының арқасында қол жеткізуге болады. Яғни, жобалаушы, құрылыс салушы және инвестор құрылыс объектісінің ақпараттық үлгісін пайдалана отырып, процесті тиімді бақылай алады, құрылыс коллизияларын уақытылы анықтай алады, жобалау кезеңінде жедел өзгерістер енгізеді, бұл құрылыс қателіктерін болдырмауға, сонымен қатар,  қосымша шығындарды болдырмауға мүмкіндік береді», - деп есептейді Александр Шахнович.

Саммит аясында жобалық ұйымдардың маңыздылығы туралы мәселелер қозғалды, құрылыс сапасына әсерін тигізетін техникалық қадағалау жүктемесін жіктеу бойынша ұсыныстар айтылды, құрылыс жұмыстарының кейбір түрлерінің бағасын қайта қарау, сонымен қатар, техникалық қадағалау жүргізу бойынша қызметтерді алып тастау ұсынылды, сондай-ақ,  «Sheber» құрылыс саласы Одағының қолдауымен құрылыс объектілерінің сапа Орталығын құру ұсынылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша, Саммитте қаралған барлық сұрақтар мен ұсыныстарға негізделген резолюция дайындалды. Саммит ұйымдастырушылары бұл бағыттағы жұмыстардың әлі де жалғасатындығына уәде берді.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі