Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Жаңалықтар

1301/20
Расширен Перечень приоритетных видов деятельности нескольких СЭЗ

Бірнеше АЭА бойынша қызметтің басым түрлерінің тізбесі кеңейтілді

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар елімізге инвестиция тарту және экспортты дамытудың маңызды құралдарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда 13 арнайы экономикалық аймақ бар.

Сыртқы экономикалық байланыстарды жандандыру, өңірді жедел дамыту, экономика салаларын қолдау және әлеуметтік мәселелерді шешу, инвестицияларды, технологияларды және қазіргі заманғы менеджментті дамыту, тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті өндірістерді құру мақсатында арнайы экономикалық аймақтарды дамытуға ерекше назар аударылып отыр. Мысалы, бірнеше АЭА бойынша қызметтің басым түрлерінің тізбесіне өзгерістер енгізілді.

"Тараз химиялық паркі" арнайы экономикалық аймағында қант зауытын салу ерекше басымдық берілетін жобалардың бірі. Жоба қазіргі уақытта әзірлену сатысында, бірақ оның жалпы құны 79,8 млрд теңгені құрайтыны белгілі. Жаңа қант зауыты 2021 жылдың соңына қарай пайдалануға беріледі. Күн сайын ол 8 мың тонна қант өндіретін болады.

Сонымен қатар, "TURKISTAN" АЭА, "Алатау инновациялық технологиялар паркі" және"Ақтау теңіз порты"АЭА қызметінің басым түрлерінің тізбесіне өзгерістер енгізілді. Мысалы, "Алатау инновациялық технологиялар паркінде" инновациялық кәсіпорындар үшін жеңілдікті режимдер жұмыс істейді, алдағы уақытта бірнеше клиникалар салу жоспарлануда.

"Ақтау теңіз порты" АЭА бойынша "AKTAU RESORT HOTEL" көпфункционалды кешенін салу және пайдалануға беру жоспарлануда.  Сондай-ақ, "TURKISTAN" АЭА Түркістан қаласының халықаралық әуежайын салуға және пайдалануға беруге байланысты қызмет бойынша нақтылаулар енгізілді.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2020

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі