Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Жаңалықтар

1104/19
 На предприятии «Динатрон-Казахстан» был выплавлен первый слиток высокочистого титана

«Динатрон-Қазақстан» кәсіпорнында алғашқы өте таза титан құймасы балқытылды

Бұрынғы «Ертіс химия-металлургия зауытының» аумағында орналасқан «Динатрон-Қазақстан» кәсіпорнында салмағы 150 келіден асатын таза титанның бірінші құймасы балқытылып, екіншісі балқытуға салынды.

Кәсіпорынды іске қосу Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы және Первомайка ауылы үшін маңызды оқиға. Себебі, 10 жыл бойы тоқтап тұрған бірегей кәсіпорын қайта іске қосылды. Табысты қызмет жаңа жұмыс орындарын құру арқылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға үлес қосады.

Кәсіпорын директоры Виктор Попов  алдағы екі-үш жылда шешілуі тиіс міндеттерді атап өтті. Оның айтуынша, шығарылатын өнімге үлкен сұраныс бар. Жапониядан тапсырыстар түсіп жатыр. 2019 жылдан 2021 жылға дейін 25 млн. доллардың өнімін шығару жоспарлануда (500 тонна жоғары сапалы титан және 120 тонна ниобий).

Титан құймаларын шығарудан басқа тағы үш цех салу жоспарлануда. Олар: соғу, табақ прокаттарын және құбыр прокаттарын шығаратын цехтар. Кәсіпорынның 10 жылға арналған даму бағдарламасы жасалды. 2024 жылға дейін соғу, табақ прокаттары және құбыр прокаттары өндірісіне арналған жабдықтарды салуға және жеткізуге тартылған инвестиция көлемі 100 млн. АҚШ долларын құрайды.

Сондай-ақ, радарлық және ғарыштық техника үшін тантал және ниобий микроконденсаторлар өндірісін жолға қою жоспарлануда.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі