Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Жаңалықтар

2901/20
Подписан трехсторонний меморандум о сотрудничестве в сфере энергосбережения

Энергия үнемдеу саласындағы ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды

Елордада "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты" АҚ өкілдері Словакия елінің ADRIAN Group және "Market Solution" ЖШС басшылығымен кездесіп, тараптар энергия үнемдеу саласында үш жақты меморандумға қол қойды.

Өзінің кіріспе сөзінде институттың Басқарма Төрағасы Бауыржан Смағұлов Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің кәсіпорындарында словак технологияларын енгізуге көмек көрсетуге дайындығын білдірді. Бүгінгі таңда мемлекеттік энергетикалық тізілім ЖІӨ энергия сыйымдылығын төмендетуге бағытталған басты тетік болып табылады.

«Қазақстанның Стратегиялық жоспарында еліміздің ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын 2025 жылға қарай кемінде 25% - ға төмендету жөніндегі міндет айқындалды. Бұл ретте, тәуелсіздік кезеңінде ЖІӨ энергия сыйымдылығы 56%-ға төмендесе, бұл кезеңде әлемдік экономиканың энергия сыйымдылығы 26%-ға төмендеді»,- деді Бауыржан Смағұлов. Қазақстан экономикасының дамуымен энергоресурстарға деген қажеттілік тек қана өсуде. Қазақстандағы энергия ресурстарын негізгі тұтыну өнеркәсіп саласына тиесілі, электр энергиясының 67%-ы ірі өнеркәсіп тұтынушыларына қатысты.

Өз кезегінде, табиғи және сұйытылған газда жұмыс істейтін словак технологиялары батыс елдерінің көптеген ірі кәсіпорындарында өздерінің тиімділігін іс жүзінде дәлелдеген. Олар үлкен ғимараттарда температура режимін сақтай алады. Қазіргі заманғы технологиялар электр энергиясына жұмсалатын шығындарды 50-ден 70% - ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді, бұл жобалардың өтелу мерзімдеріне оң әсер етеді. Алдағы уақытта орталық өңірді газдандыру жайын ескеретін болсақ, тараптар Қарағанды облысының, оның ішінде Жезқазған қаласының әлеуетін зерттеуге келісті.

Сонымен қатар, тараптар тәжірибе алмасуды, ақпараттық хабардарлықты арттыруды, қаржылық инвестицияларды тартуға және басқа да бірқатар мәселелерге бағытталған маңызды бірлескен іс-шараларды атқаруды жоспарлап отыр. 

Айта кету керек, қазіргі таңда шаруашылықтың барлық салаларында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселесіне ерекше назар аударылып отыр.  Осыған байланысты Дүниежүзілік банкпен халықаралық ынтымақтастық жолға қойылды, шамамен 22 млн. АҚШ долларына жоба жүзеге асырылуда, 78 әлеуметтік маңызы бар нысан жаңғыртылды. Жоба нәтижесі бойынша 270 млн. теңге бюджет қаражаты үнемделетін болады.

Сондай-ақ, БҰҰ Даму Бағдарламасымен бірлесіп, жабдықтың энергия тиімділігін сертификаттау және төмен көміртекті дамуға көшу бойынша жалпы сомасы 10 млн. АҚШ долларын құрайтын 2 жоба жүзеге асырылуда.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2020

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі