Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Жаңалықтар

1403/19
Министры промышленности стран ЕАЭС обсудили вопросы производственной кооперации

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің өнеркәсіп министрлері өндірістік кооперация мәселелерін талқылады

13-наурыз күні Мәскеуде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп министрлері кездесті.  Қазақстан атынан ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр қатысты.

Кездесу барысында қазақстандық кәсіпорындардың РФ импорт алмастыру бағдарламасына қатысуы, Еуразиялық экономикалық одақ аясында өнеркәсіп саясатын жүргізудің жаңа тәсілдері, ауыл шаруашылығы және жол-құрылыс техникасы өндірісінде кооперацияны дамыту, ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің Ресейдің өнеркәсіптік мемлекеттік ақпараттық жүйесіне қатысу мүмкіндіктері сияқты бірқатар мәселелер талқыланды.

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі атап өткендей, жақын арады қазақстандық құрамдас бөлшектерден ресейлік «Кировец» тракторы құралатын болады.

«Биыл мамыр айында елімізде өнеркәсіптік құрастыру жұмыстарын бастаймыз. Санкт-Петербург трактор зауытындағы серіктестеріміз біздің отандық компанияларға техникалық құжаттамалар мен сызбаларын беретін болды», - деді Р.Скляр.

Бұдан бөлек, кездесу барысында ЕАЭО Өнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңес құру туралы Одақ органдарының актілері және ЕАЭО Өнеркәсіп саясаты жөніндегі ереже бекітілді.

Сонымен бірге, ЕАЭО мүше мемлекеттердің өнеркәсіп министрлерінің кездесуі шеңберінде Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр және Ресей Федерациясының Сауда және өнеркәсіп министрі Денис Мантуров арасындағы екіжақты кездесу өтті, онда өндірістік кооперация саласындағы басымдықты бірлескен жобалар белгіленді.

Фото - пресс-службы Евразийской экономической комиссии 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі