ИИДМ «Альстом» компаниясымен және Азия даму банкімен ынтымақтастықты кеңейте түседі

 
МИИР расширяет сотрудничество с компанией «Alstom» и Азиатским банком развития

Бүгін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің  «Alstom» компаниясының Аға вице-президенті Тьери Бэстмен екі жақты кездесуі болып өтті.

Кездесу барысында компанияның ағымдағы қызметі, операциялық және жүйелік мәселелер, сондай-ақ ынтымақтастықтың перспективалы салалары талқыланды.

Бүгінгі күні «Alstom» компаниясы Қазақстан Республикасының аумағында екі маңызды жобаны жүзеге асыруда:

- Нұр-Сұлтан қаласындағы электровоздар мен тартқышты трансформаторлар өндірісі;

- Алматы қаласындағы бұрмалы электр жетектері мен дабыл құралдарын өндіру.

Қазақстанда француз капиталының қатысуымен 140-қа жуық компания жұмыс істейді.Белгілі болғандай, «Alstom» компаниясы Қазақстан Республикасында белсенді инвестициялық қызмет жүргізіп келеді.

МИИР расширяет сотрудничество с компанией «Alstom» и Азиатским банком развития

Сондай-ақ Роман Скляр Азия даму банкінің вице-президенті Шиксин Ченмен екіжақты кездесу өткізді. Кездесуде ынтымақтастықтың одан әрі даму перспективалары қаралып, елімізде банкпен серіктестікте жүзеге асырылып жатқан жобалар талқыланды.

Анықтама: Серіктестік стратегиясының негіздемесін іске асыру шеңберінде мемлекет үшін 2 ірі және маңызды жобалар - «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» дәлізі  және ұзындығы 900 км «Бейнеу-Ақтау» көлік жолы іске қосылды.

Айта кету керек, кездесу Қазақстанның Азия даму банкімен бірлескен әріптестігінің 25 жылдығына орайластырылып, оның аясында түрлі салаларда бірлескен жобалар сәтті жүзеге асырылуда.