Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Жаңалықтар

2308/19
Как реализуется политика «Экономики простых вещей»

«Қарапайым заттар экономикасы» саясаты қалай іске асырылуда

Қазақстан азаматтарын толығымен қолжетімді әрі сапалы тауарлармен қамтамасыз етуге тырысады. Осы мақсаттарда «қарапайым заттар экономикасын» дамыту бөлігіндегі саясат белсенді жүргізілуде, оны іске асыруға 600 млрд. теңге бөлінген.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 23 тамызда Қарағанды облысына жұмыс сапары шеңберінде өткен «Индустриялық-инновациялық даму туралы» кеңес барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр өз баяндамасында

«2019 жылғы 19 тамыздағы жағдай бойынша 2 жылға созылатын аталған бағдарламаны іске асыру шеңберінде банктер тарапынан 62 млрд. теңге сомасына шамамен 150 жоба мақұлданды. Оның үстіне, 275 млрд. теңге сомасына 210 жоба екінші деңгейдегі банктер мен Аграрлық несие корпорациясында қарастырылуда. Бағдарламаға барлық қажетті өзгерістер енгізілген: соңғы мөлшерлеме төмендетілді, басым жобалардың тізбесі кеңейтілді, іске асыруға АНК қосылды. Осымен, біз бағдарламаға бөлінген қаражаттың жартысын жылдың соңына дейін игереміз, ал қалғаны келесі жылы игеріледі.» деп хабарлады.

«Қарапайым заттар экономикасын» дамыту мақсатында «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысы қабылданды, аталған құжатпен басым жобаларға кредит беру тетігі бекітілді.

Бұдан бұрын айтылғандай, тетікте мына салалардағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін 600 млрд. теңге бөлінді, атап айтқанда: АӨК-дағы қайта өңдеу – 100 млрд. теңге; АӨК-дағы өндіріс – 100 млрд. теңге; Өңдеу өнеркәсібі мен көрсетілетін қызметтер – 400 млрд. теңге.

Басым жобаларды іріктеудің негізгі критерийі тетікпен бекітілген экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшi бойынша тауарлар тізбесі болып табылады. Тетік шеңберінде 9 ЕДБ қатысады.

Кредит бөлінген жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібінде: тамақ, жеңіл, жиһаз, химия, сондай-ақ АӨК мен қызмет көрсету салалары.

«Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде бөлінген қаражаттың екінді деңгейдегі банктермен игерілуін ұлғайту мақсатында бағдарламаға: айналымдағы қаражатты толтыру лимитін кредит сомасынан 30%-дан 50%-ға дейін ұлғайту; бизнеске арналған пайыздық ставканы 8%-дан 6%-ға дейін төмендету; кепілдік базасының жетпейтін бөлігі бойынша мемлекет тарапынан кредитке кепілдік беру құралын енгізу; кредиттеудің жеңілдік кезеңін енгізу; жеңілдетілген кредит берілетін тауарлар тізбесін кеңейту (400-ден астам жаңа тауарлар); бағдарламаға агроөнеркәсіп кешенінің жобаларына қатысты бейілділік кепілдік саясатын қолданатын «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қосу бөлігінде өзгерістер енгізілді.

Бұдан өзге, қаражаттың игерілуін одан әрі ұлғайту үшін Үкімет мына мәселелерді пысықтау үстінде: басым жобалар үшін тауарлар тізбесін кеңейту; инвестициялық мақсаттарға кредит беру мерзіиін 7 жылдан 10 жылға дейін ұлғайту; жобаларды іріктеу критерийлері мен қарыз алушының тарапынан қарсы міндеттемелерді белгілей отырып, айналымдағы қаражатты толтыру мақсаттарына кредиттеу үлесін 50%-дан 100%-ға дейін ұлғайту; жобаларды іріктеу критерийлері мен қарыз алушының тарапынан қарсы міндеттемелерді белгілей отырып, бағдарлама тетігіне инвестициялық мақсаттарға қарыздарды қайта қаржыландыру құралын енгізу.

Осы орайда, жиһаз, жеңіл өнеркәсібі мен құрылыс материалдарын дамытудың жол карталары әзірленіп, бекітілді, себебі «қарапайым заттар экономикасы» тауарларының басым бөлігі аталған салаларға жатады.

Жалпы алғанда, жол карталарында 157 іс-шараның іске асырылуы көзделген. Жол карталарының негізгі бағыттары: қолданыстағы өндірістерді шикізатпен қамтамасыз ету, заңсыз тауар айналымымен күресу, мемлекеттеі сатып алу саласындағы шаралар мен қазақстандық қамту үлесін арттыру, техникалық реттеу шаралары, экономикалық ынталандыру шаралары, жүйелі қолдау шаралары, саланы білікті кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету, отандық тауар өндірушілердің өнімін ішкі нарықта өткізу, қолданыстағы өндірістерді кеңейтіп, жаңаларын іске асыру, инвестициялық жобаларды іске асыру.

 

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі