Қазақстан мен Грузия жүк тасымалдары көлемін ұлғайтады

 
Казахстан и Грузия активизируют грузовые автоперевозки

2019 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасына Грузияның Премьер-Министрі М.Бахтадзенің ресми сапары барысында 2007 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузияның Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттамаға қол қойылды.

Аталмыш Хаттаманың мақсаты – Қазақстан мен Грузия арасында, олардың аумақтары арқылы транзиттік тасымалдар, сондай-ақ үшінші мемлекеттен/мемлекеттерге жүк тасымалдары осы мемлекеттердің аумағында тіркелген тасымалдаушылармен рұқсат негізінде жүзеге асыруын ұйымдастыру үшін құқықтық негіз құру.

Хаттама сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға оң серпін беріп, екі ел арасындағы автокөлікпен орындайтын жүк тасымалдары көлемін ұлғайтуға ықпал етеді.

2018 жылы Қазақстан мен Грузия арасында автомобиль көлігімен жүк тасымалдары көлемі 10,3 мың тоннаны құрады.

Хаттама күшіне енген соң тасымалдаушылар қазақстан-грузия автотасымалдар нарығын белсенді игере бастайтын болады.

  

Фото: primeminister.kz