Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Жаңалықтар

0802/19
Индонезия изучает казахстанский опыт в развитии транспорта и дорожного движения

Қазақстан мен Индонезия логистика және инвестиция салаларын дамытады

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-да ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР Ішкі істер министірлігі және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ өкілдері Индонезия Республикасы Аймақтық өкілдік кеңесінің Сенаторларымен кездесті. Кездесу барысында ҚР жол қозғалысын реттеу және жер үсті көлік саласындағы заңнаманы дамыту мәселелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ көлік, логистика және инвестиция саласындағы Қазақстан-Индонезия қарым-қатынасын дамыту перспективалары талқыланды.

Индонезия делегациясының басшысы – II Комитеті төрағасының орынбасары Парлиндунган Пурба мырза Қазақстан Республикасының жол саласы мен көлік саласының дамуын жоғары бағалады. Сонымен қатар,  Парлиндунган Пурба мырза Қазақстан делегациясына Индонезияның Аймақтық өкілдер Палатасының қызметі туралы және өз Комитетінің жұмысы туралы хабарлады. Қазіргі уақытта II Комитет «Жол қозғалысы және жол көлігі туралы» Заңды қайта қарау жобасы бойынша жұмыс жасайды.

«Қазақстанның көлік саласы жылдам дамып келе жатыр және көрші елдермен салыстырғанда оң үрдістер көрсетеді, сондықтан бізге сіздердің көлік пен жол қозғалысын дамыту тәжірибелеріңіз қызықты », – деді ол.

Кездесуді қорытындылай келе, Қазақстан Республикасындағы Индонезия Республикасының елшісі Рахмат Прамоно мырза қазақстандық тарапқа сындарлы диалог үшін алғысын білдірді және көлік саласы жайында өте тығыз ынтымақтастыққа және екі елдің арасындағы көліктік инфрақұрылымдық жобаларға инвестицияларды ынталандыруға үміт білдірді. Өз кезегінде, Парлиндунган Пурба мырза қазақстандық тарапты Индонезия Республикасына шақырды.

Анықтама:2018 жылғы қаңтар-қараша айлары арасында Қазақстан мен Индонезия арасындағы тауар айналымы 130,8 млн. АҚШ долларын құрды, бұл өткен жылдың сәкес кезеңіне қарағанда 3,8 есе жоғары (34,6 млн. АҚШ доллар).


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі