Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Жаңалықтар

0711/19
Казахстан и Россия укрепляют приграничное сотрудничество

Қазақстан мен Ресей шекаралық ынтымақтастықты нығайтуда

2019 жылғы 7 қарашада Омбыда мемлекет басшыларының қатысуымен "Шекаралық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері" тақырыбында Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының XVI форумы өтті.

Форум аясында, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің екіжақты кездесуі барысында. тараптардың өнеркәсіптік кооперация саласындағы ынтымақтастығының негізгі жетістіктері мен даму жоспарлары айтылды.

Жыл басынан бері бірлескен кәсіпорындар саны 10% - ға артып, 10 мыңнан асты (2019 жылдың 1 қыркүйегіне жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар 10064), бұл бірлескен жобаларды іске асыруға оң әсер етеді.

Қазақстан-Ресей өндірістік кооперациясы саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жоспарлануда, бұл өнеркәсіптік кооперация саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкіндік береді және екі елдің компаниялары арасындағы ұзақ мерзімді әріптестік қатынастарды қамтамасыз етеді.

Қорғаныс өнеркәсібі саласында да оң нәтижелерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, бронетанктік техника, теңіз тақырыбы, авиациялық техника және ӘШҚ техникасы бойынша.

Сонымен қатар, пленарлық отырыс барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен РФ Көлік министрлігі арасында Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінің жұмыс істеуі бойынша бірлескен іс-қимыл бағдарламасына қол қойылды.

Тараптар шекара маңындағы ынтымақтастықты:

- Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінің жай-күйін талдау;

- Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттері арқылы жүк және жолаушылар ағынының даму перспективаларын талдау;

- Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту;

- өңірлердің қажеттіліктеріне байланысты бірқатар өткізу пункттерінің мәртебесін қайта қарау арқылы дамытуға ниетті.

Сондай-ақ Қазақстан – Ресей мемлекеттік шекарасындағы шекараны кесіп өту орындарының мәртебесін өзгерту қажеттілігі туралы мәселені қосымша пысықтау жоспарлануда: Казталов – Фомин, Молодость – Жоғарғы Басқұдық, Балқұдық – Харабали, Жиренқопа – Первомай, Әйтеке би-Союзное.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі