Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Жаңалықтар

1302/20
Пункты пропуска на границе с Россией будут реконструированы

Қазақстан мен Ресей шекарасындағы өткізу пунктері реконструкциядан өтеді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті 2025 жылға дейін Қазақстан мен Ресей шекарасындағы 27 өткізу пунктін жаңартады деп жоспарлануда. Жобаны 5 кезеңде жүзеге асыру көзделген. 

Қазақстан мен Ресей шекарасында бүгінгі таңда 30 өткізу пункті бар. Оның 17-сі – көпжақты, 13-і – екіжақты өткізу пункті. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдерінен құралған комиссия жұмыс істеп тұрған өткізу пунктерінің техникалық жағдайын бақылады. Комиссия тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша өткізу пунктерінің жүктемесі, өткізу қабілеттілігін есепке ала отырып, реконструкцияны талап ететін 27 өткізу пунктін анықтады.

Осылайша «Сырым», «Тасқала», «Қосақ», «Үрлітөбе» «Жаңа жол», «Әлімбет», «Қарақоға», «Шаған», «Құрманғазы», «Үбе», «Шарбақты», «Қызылжар»,  «Қайрақ», «Ауыл», «Бидайық», «Жәнібек», «Ақсай», «Қондыбай», «Аят», «Ақбалшық», «Найза», «Жезкент», «Қоянбай», «Байтанат», «Амангелді», «Обаған» және «Желқуар» бекеттері 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстарынан өтетін болады.

Сонымен қатар, 2019 жылдың қарашасында өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастық форумында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен РФ Көлік министрлігі арасында мемлекеттік қазақ-орыс шекарасындағы өткізу бекеттерінің жұмысы бойынша бірлескен іс-шаралар туралы бағдарламаға қол қойылған болатын. Құжатқа сәйкес жұмыс істеп тұрған өткізу пунктерінің жағдайына талдау жүргізу, 2020 және 2025 жылдар аралығында қазақ-орыс шекарасындағы өткізу пунктерін дамытудың Жол картасын әзірлеу көзделген.  


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2020

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі