Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Жаңалықтар

1308/19

Қазақстанда 7 ай ішінде 55 мыңнан астам пәтер салынды

2019 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 6,5 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ол 2018 жылдың осы кезеңін алғанда 96,3%  құрайды. Тұрғын үйді іске қосу пайызы жылдық жоспардың 50% құрады (жоспар 13,0 млн.шаршы метр).

Республика бойынша барлығы 55 849 бірлік тұрғын үй тапсырылды (оның ішінде – 24 013 жеке үй). Тұрғын үйді іске қосу көлемінің өсуі өткен жылмен салыстырғанда 7 өңірде жалғасуда. Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша көшбасшы Түркістан (130,9%), Қызылорда (128,7%), Қостанай (118,6%) облыстары болып табылады. Тұрғын үйді іске қосу қарқынының төмендеуі Маңғыстау облысында (87,7%) және Нұр-Сұлтан қаласында (64,1%) байқалады.

Құрылыс бойынша нақты көлем индексі 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында 111,5% құрады. Жағымды динамика 8 өңірде байқалады. Көшбасшы Қызылорда (275,5%), Қарағанды (193,6%), Атырау (129%) облыстары болып табылады.

Көрсеткіштің төмендеуі Маңғыстау облысында (-30,4%) және Нұр-Сұлтан (-12,5%) және Шымкент (-34,4%) қалаларында байқалады.

Көлік кешені бойынша нақты көлем индексі 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында 105,4% құрады.

Қазақстан арқылы контейнерлік тасымалдардың жалпы көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен 38,4%-ға өсті (2018 жылдың қаңтар – шілдесі-254 мың ЖФЭ) және 351,6 мың ЖФЭ құрады.

Мәселен, ҚХР-ЕО-ҚХР бағыты бойынша бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29%-ға өсті (2018 жылғы қаңтар – шілде-139,7 мың ЖФЭ) және 178 мың ЖФЭ құрады.

 

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі