Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Жаңалықтар

1202/20
В Казахстане автоматизируют ведение исполнительной документации автодорожных проектов

Қазақстанда автомобиль жолдары саласындағы жобалардың атқару құжаттарын жүргізу автоматтандырылады

Азия даму Банкімен займ туралы бекітілген келісім аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті автомобиль жолдары саласындағы құжаттарды жүргізудің барлық процесстерін автоматтандыруға мүмкіндік беретін «Жол құрылысының атқару моделі» ақпараттық жүйесін әзірлеп, енгізбек.

2020 жылдың қаңтарында итальяндық «Studi E Pianificazione Del Territorio S.R.L.» компаниясы мен ҚазжолҒЗИ өзара ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды. 2 жыл ішінде әзірлеушілер еліміздегі автомобиль жолдарының құрылысына қатысты атқару құжаттарын жүргізу бойынша егжей-тегжейлі шолу жасауы шарт. Бұдан кейін «Жол құрылысының атқару моделі» атты жаңа ақпараттық жүйенің арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету құралы әзірленетін болады.

Бағдарлама нысандарды жобалау және олардың құрылысы жөніндегі толық ақпаратты қамтымақ. Басқаша айтқанда, жол жобаларының барлық кезеңдері автоматтандырылған бірыңғай жүйеге енгізіледі.

Жаңа жүйе жол құрылысы саласындағы атқару құжаттарын жүргізуге, жобаларды басқаруға қатысты мәселелердің кешенін шешуге мүмкіндік береді. Мәселен, бұған дейін қағаз құжаттардың айналым көлемі қағаздың жүздеген тоннасын құраса, «Жол құрылысының атқару моделі» енгізілгеннен кейін бұл көрсеткіш бірнеше есеге қысқаратын болады. Мұнымен қоса, жаңашылдық  жол жобалары бойынша атқару құжаттамасы мен есептілікті жүргізуге жұмсалатын еңбек шығындарын, сондай-ақ оларды іске асыру мерзімдерін қысқартуы тиіс. Жүйе техникалық тұрғыда 2020 жылы іске қосылады деп күтілуде.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2020

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі