Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Жаңалықтар

1308/19

Қазақстанда өнеркәсіптік өндіріс көлемі өсуде

 

2019 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 102,7% құрады, оның ішінде тау-кен өндіру 102,4%, өңдеу 103,2% артты.

Тау-кен өндіру секторында 2018 жылы пайдалануға берілген кәсіпорындар есебінен түсті кен өндіру көлемі 17,2%-ға өсті: Бақыршық тау-кен кәсіпорны, Сарыарқа Ресурсерс Капитал және тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар: Қазмырыш (+6%), Қазхром (+6,8%), Қазминералс (+20,8%).  Жыл басынан бері темір кенін өндіруде оң серпін байқалады. Биылғы жылдың наурыз айынан бастап Ресейге (+15%) және Қытайға (+15%) концентрат пен шекемтастардың экспорт көлемі 92,8%-дан 101,5%-ға дейін ұлғайды. Көмір мен лигнит өндіру көлемі 97,3% құрады. Сонымен қатар, көмір экспорты бойынша оң серпін байқалады, өсім 101,9% немесе 15,8 млн.тоннаны құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде өсім 3,2% құрады.

Түсті металлургияда өндіріс көлемі 8,1% - ға өсті: 

- "Қазмырыш" ЖШС-мырыш 2%;

- "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-мыс 12%, мыс катанкасы 18%;

- "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ-бастапқы алюминий 1,8% - ға;

- "Тау-Кен Алтын" ЖШС-алтын 22% - ға.

Қара металлургияда өндіріс көлемі 94%-ды құрады. Жыл басынан бері сала бойынша өндіріс көлемі өсуде (қаңтар – 69%, ақпан – 74,5%, Наурыз – 85,8%, сәуір – 88,9%, мамыр – 90,9%, маусым – 92,8%, шілде – 94%). Өз кезегінде, АрселорМиталл өндіріс динамикасы бойынша қаңтар айында 48% -дан шілдеде 82% -ға дейін өсуін көрсетті, онда болаттың тәуліктік нормасы 11,3 мың тоннаға дейін жетті. Жыл соңына қарай күтілетін көлем - шамамен 4 млн. тонна болат құю.

Машина жасау саласында өндіріс көлемі 17,7% - ға өсті:

- автокөлік құралдары, трейлер және жартылай тіркемелер 50,6% ("АЗИЯ АВТО" АҚ, "СарыарқаАвтоПром" ЖШС, "СемАЗ" ЖШС, "Дэу Бас" ЖШС»);

- басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар 14,5% ("Қазақстан Агро Инновациялық корпорациясы" ЖШС, "Агромашхолдинг" АҚ, "ДонМар" ЖШС және т. б.));

- өзге де көлік құралдары 35,7%;

- машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату 11,8%.

Фармацевтикалық өнеркәсіпте өнімнің артуына байланысты өндіріс көлемі 18% - ға өсті: 

- "Химфарм" АҚ 50% (саладағы үлес 45%);

- "Нобел АФФ" АҚ 13,8% (саладағы үлесі 10 %).

Жеңіл өнеркәсіпте тоқыма бұйымдары өндірісінің 18,3%-ға, киім-кешек өндірісінің 5,4%-ға ұлғаюы есебінен өндіріс көлемі 14,3%-ға өсті.

Қазіргі уақытта "қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында бірқатар нормативтік-құқықтық актілер мен саланы дамыту жөніндегі жүйелі шаралар қабылдануда.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі