Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Жаңалықтар

2308/19
Казахстанские промышленные предприятия активно внедряют проекты «Индустрия 4.0»

Қазақстандық өнеркәсіп кәсіпорындары "Индустрия 4.0" жобаларын белсенді түрде қолданысқа енгізуде»

Әлемдік трендтерге сәйкес Қазақстан Өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл бағытта жаңа цифрлық технологиялар мен инновацияларды енгізетін алғашқы қадам жасаушы компаниялар бар.

"Индустрия 4.0" бойынша бүгінде ірі отандық компаниялар Фраунгхофер (Германия) атындағыь институт мамандарымен жүргізген технологиялық аудит қорытындысы негізінде өзінің даму стратегиясын қалыптастыруда. Осы жұмыстың нәтижесінде 7 "модельді сандық фабрикалар" іріктеліп алынды, олардың мысалында біз цифрландыру мәселелерінде оң өзгерістер көріп отырмыз. 2022 жылға қарай 102 ірі және орта кәсіпорындарда сандық технологиялар кешенді түрде енгізіледі",-деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 23 тамыз күні Қарағанды облысына жұмыс сапары аясындағы "Индустриялық-инновациялық даму туралы" кеңес барысында.

Цифрландыруды енгізудің оң мысалы ретінде Қазақстандағы танымал алтын өндіруші кәсіпорындардың бірін келтіруге болады. Жалпы алғанда, компания модельдік сандық фабрикалар арасында көшбасшылардың бірі бола отырып, 3 млрд теңгеден астам инвестиция көлемі бар 19 жобаны жүзеге асыруда.

Қазіргі уақытта кәсіпорын 1,3 млрд.теңге сомасына "Сандық кеніш" жобасы аясында 6 іс-шараны іске асырды.  Компания АТ-инфрақұрылымын дайындаудан бастап, қолда бар кен орындарының барлық учаскелерін "Wi-fi" желілерімен қамти отырып, цифрландыруға кешенді түрде жақындады. Сонымен, АҚ жер асты кенішіндегі Интернеттің оптикалық-талшықты желісін 130 шақырымға созды. Қазір шахталарда 180 м-ден 520 м-ге дейінгі тереңдікте интернет жұмыс істейді.

Сонымен қатар, өндіріс жер асты тау-кен жұмыстарын сандық диспетчерлендіруді енгізді, бұл тау-кен жұмыстарын, адамдардың және техниканың мониторда қозғалуын нақты уақыт режимінде көруге мүмкіндік береді. Шахталарда орнатылған датчиктер апат кезінде үйінділер мен ошақтарды тез анықтауға, учаскенің газданғаны туралы ескертуге және жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, тау-кен техникасын жоғары дәлдіктегі позициялау онлайн режимінде техниканың жай-күйіне мониторингті жүзеге асырады. Жабдықта орнатылған борттық компьютерлер мен сенсорлар нақты уақыт режимінде диспетчерлерге деректерді мониторлар мен мобильді құрылғыларға береді. Диспетчер техниканың орналасуын, машинаның қанша рейс жасағанын, тасымалданатын кен тоннажын, қанша отын жұмсалғанын көре алады.

Енді тау-кен жабдықтары барынша жүктелетін болады, техниканың тоқтап қалуы болмайды, нәтижесінде, өнім өндіру көлемі өсетін болады.

Сонымен қатар, АТ бөлімі өз күштерімен Өнімді бақылау бойынша қосымшаны әзірледі. Жүйе нақты уақыт режимінде қойманың жұмысын бақылауға және қойма бойынша жылжу бағыттарын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Бұл шешім еңбек шығындарын төмендетеді және ұрлау фактілерін болдырмайды.

Айта кетерлік жайт, 2018 жылы Қазақстанда 35 кәсіпорын бойынша 145,8 млрд.теңге сомаға 50 цифрландыру жобасы жүзеге асырылды. 2019 жылы 46 кәсіпорын 117,6 млрд теңгенің 79 жобасын жүзеге асыруда. Оның ішінде 1 жартыжылдықта 74 млрд.теңге сомасына 26 кәсіпорын 54 жобаны жүзеге асырды. 2020 жылы 27 кәсіпорынмен 191,6 млрд теңгеге 48 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі