Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Жаңалықтар

2911/19
Казахстанские дорожники намерены вступить во Всемирную дорожную Ассоциацию

Қазақстандық жолшылар Дүниежүзілік жол ассоциациясының құрамына енбек ниетте

Бұл жөнінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев пен Польша жол конгрессінің президенті Збигнев Котларектің Нұр-Сұлтан қаласындағы кездесуі барысына белгілі болды.

З. Котларектің айтуына қарағанда, Қазақстан тиісті декларацияның негізінде Дүниежүзілік жол ассоциациясына 2020 жылы мүше бола алады.

«Егер оң шешім қабылданып, декларацияға қол қойылған жағдайда, келесі жылдың қазанында Дүниежүзілік жол ассоциациясының мүшелері Қазақстанның осы  ұйымның құрамына енуіне қатысты дауыс беретін болады. Осыдан кейін еліңіз PIARC қатарына қосыла алады», – деді ол.

Осылайша отандық жолшылар Дүниежүзілік ассоциация бұрын-соңды жұмыс істемеген бағыттардағы жобаларға бастамашыл болып, халықаралық тәжірибе жинай алады, оны Қазақстанда қолдана алады.

Өз кезегінде вице-министр Берік Камалиев еліміздің Дүниежүзілік жол ассоциациясы құрамына енуінің маңыздылығын айтып, польшалық тарапқа 28, 29 қарашада Нұр-Сұлтанда өткен XVI халықаралық «Қазавтожол - Kaztraffic-2019» көрмесіне қатысқандығы үшін алғысын білдірді.

«Жолшылардың мүдделерін кеңінен таныта алатын әлем бойынша басқа ұйым жоқ. Қазақстанның жол саласы мамандарының көбісі мол тәжірибеге ие болуды қалайды. Мұндай мүмкіндікті оларға Дүниежүзілік жол ассоциациясы сыйлай алады», – деп атап өтті Б. Камалиев.   

Сондай-ақ, кездесу аясында Польша жол Конгрессі мен Қазақстанның автожолшылары ассоциациясы арасында жол құрылысы саласындағы мәселелер бойынша екі жақты ынтымақтастық жөніндегі келісім жасалды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі отандық автожолшылар ассоциациясының басшылығына Қазақстанның PIARC құрамына енуі бойынша Жол картасын әзірлеуге қатысты бірқатар тапсырма берді.

Еске салайық, PIARC – автомобиль көлігі және жол инфрақұрылымы саласында жұмыс істейтін халықаралық коммерциялық емес ассоциация. Оған әлемнің 122 елі мүше.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі