Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Жаңалықтар

0909/19
В МИИР РК рассказали, как будет решаться вопрос дефицита жд билетов и вагонов в Казахстане

ҚР ИИДМ-де Қазақстандағы теміржол билеттері мен вагондардың тапшылығы мәселесі қалай шешім табатыны туралы айтылды

Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпы ұлттық іс-шаралар жоспары әзірленуде. Атап айтқанда, теміржол билеттерінің бағалары мен тарифтерінің өсуімен күресті күшейтуге, сондай-ақ тапшылық мәселесін шешуге бағытталған шаралар кешені қабылданатын болады. Бұл және басқа да мәселелер бүгін ҚР ИИДМ-дегі брифингте талқыланды.

"Биылғы жылы вагон тапшылығын төмендету үшін 63 вагон сатып алынды, оның 40-ы елге жеткізілді. Қыркүйектің соңына дейін тағы 23 вагон келеді.  "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, біз 2025 жылға дейін жыл сайын 150 вагон сатып алуды қарастырамыз", - деді ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов.

Сонымен қатар, комитет төрағасының орынбасары республикадағы теміржол билеттерінің жасанды тапшылығын төмендетуге бағытталған шаралар туралы хабардар етті.

"Билеттердің жасанды тапшылығы мен ресімдеу кезіндегі делдалдық негізгі күрмеулі мәселелердің бірі болып табылады. Қазір делдалдардың араласуын болдырмауға мүмкіндік беретін жасанды тапшылық деңгейін төмендету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осылайша, билеттердің тапшылығы мен заңсыз делдалдық әдістерінің алдын алу үшін теміржол тасымалы саласындағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою бойынша жол картасы қабылданды", - деді Жәнібек Тайжанов.

Айта кету керек, бүгінгі таңда делдалдардың араласуын болдырмауға мүмкіндік беретін жасанды тапшылық деңгейін төмендету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен, билеттерді қайта сатуды болдырмауға мүмкіндік беретін және жол жүру құжаттарын іске асыру кезінде бақылауды күшейтетін "Күту парағы" функциясы бар "Mobius" жүйесі енгізілді, көпфункционалды орталық құру жолымен "ҚТЖ "ҰК" АҚ-ның тексеру қызметтері қайта құрылды, топтық өтінімдерді ресімдеу/қайта ресімдеу бойынша талаптар нақтыланды, топтық өтінімдерді беру және қайта тіркеу мерзімдері өзгертілді, сондай-ақ жолаушыларды ресімдеу әрбір орынға жеке жол жүру құжаты арқылы жүргізіледі, жол жүру, темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдау жүйесін жетілдіру жөніндегі жоспар әзірленді.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі