Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Жаңалықтар

1303/19
Проведена проверка состояния промышленной безопасности  ТОО «Ком-Мунай»

ҚР ИИДМ норма шығармашылық қызметінің мәселелері бойынша кеңес өтті

12-наурыз күні Министрлікке қарасты құрылымдық бөлімшелер басшыларының, заң қызметі қызметкерлерінің және Жауапты хатшы Замир Сагиновтың қатысуымен министрліктің 2018 жылғы норма шығармашылық қызмет қорытындылары талқыланды және 2019 жылға арналған міндеттер айқындалды.

Заң департаментінің директоры Айдар Алиакпаров осы бағытта атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Ол министрліктің реттелетін салалар бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді жоспарлау мәселелерінде соңғы жылдарда оң динамика барын айтты. Сонымен бірге бірқатар мәселелерді атап, оларды шешу жолдары бойынша толық мәлімет ұсынды.

Талқылау реттелетін салаларда қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып табылатын нормативтік құқықтық актілерді сапалы жоспарлаудың және уақытылы әзірлеудің маңыздылығын көрсетті.

2019 жылы министрліктің норма шығармашылық қызметін жетілдіру мақсатында Жаупты хатшы семинарларды көптеп өткізу керектігін және министрлік қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру жұмыстарын жетілдіру қажеттігін айтты.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі