Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Жаңалықтар

2911/19
Премьер-Министр РК Аскар Мамин открыл Большую кольцевую автодорогу

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласының Үлкен айналма жолын ашты

Елорда маңында ұзындығы 87 шақырымды құрайтын Үлкен айналма жолдағы қозғалыс ашылды. Салтанатты шараға ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин қатысты.

ҚР Үкіметінің басшысы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың дамуына зор көңіл бөлетіндігін айтты. Нұр-Сұлтан қаласынан «сәулелік» принциппен Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Орталық-Батыс бағыттары бойынша бірнеше жоба жүзеге асырылуда. Қауіпсіз әрі сапалы жолдар көлік жүргізушілеріне еліміздің оңтүстігінен солтүстігіне, батысынан шығысына тікелей жетуді қамтамасыз етеді. 

Қазақстанның Премьер-министрі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловпен, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновпен бірге қозғалыстың ашылғандығын білдіретін түймені басты.  

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтары үшін елеулі оқиға болып жатыр. Бұл жоба – Елбасының тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметінің қолдауымен жүзеге асырылған үлкен жұмыс, – деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі.

Аталмыш жол учаскесінде қозғалыс ресми түрде ашылғандықтан,  қаланың көліктік жүйесінің тиімділігі арттырылып, елорданың жолдары транзиттік көліктен арылатын болады. Мәселен, Алматы-Көкшетау, Алматы-Павлодар, Алматы-Қостанай бағыты бойынша келе жатқан автокөлік қала ішіндегі кептелістерден өтпей-ақ,  Үлкен айналма жолмен жүру арқылы 20 минутын жұмсайтын болады.

Құрылыс жұмыстарынан өткен жол 4 жолақты I-б санатындағы жолдардың параметрлеріне сәйкес келеді. Қозғалыс бөлігінің ені 7,5 метрді құрайды. Жол учаскесіндегі қозғалыс қарқындылығы – тәулігіне 7,5 мың автомобиль.

Сондай-ақ, Үлкен айналма жолдың ашылу салтанатында Үкімет басшысы Асқар Мамин «ҚазжолҒЗИ» АҚ мен бірқатар отандық компания ұсынған автомобиль жолдары саласында қолданылатын жаңа технологиялармен, материалдармен танысып шықты.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі