Министрлік пен «KAZLOGICTICS» ҚКО-ның 2019 жылға арналған Қазақстанның көлік-логистикалық кешенін дамыту бойынша бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілді

 
Принят план совместных действий  Министерства и СТК «KAZLOGICTICS» на 2019 год по  вопросам развития транспортно-логистического комплекса Казахстана

2019 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «KAZLOGICTICS» Қазақстан көлікшілер одағының 2019 жылға арналған Қазақстанның көлік-логистикалық кешенін дамыту бойынша бірлескен іс-қимыл жоспары қабылданды.

Бірлескен іс-қимыл жоспарының негізгі мақсаты көлік-логистика жүйесін дамыту, жеке-мемлекеттік серіктестікті дамыту және автомобиль, теміржол, су және әуе көліктерінің мәселелерін шешу.

Көлік жүйесі Қазақстан инфрақұрылымының негізгі құрамдас бөлігі екенін және ел экономикасының даму деңгейіне елеулі әсер ететінін ескере отырып, көліктің осы түрлерін дамыту өзекті болып отыр.

Автомобиль көлігі саласындағы бірлескен іс-қимыл жоспары аясында Ұлттық стандартқа сәйкес республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жол сервисі объектілерінің санын ұлғайту, «Автомобиль көлігі туралы» Заңға осьтік жүктемені асырмай бөлінбейтін жүкке ғана арнайы рұқсат беру бөлігінде өзгерістер енгізу, сондай-ақ жолаушылар тасымалын дамыту жөніндегі Кешенді бағдарламаны орындау және басқа да автомобиль көлігі саласының өзекті мәселелеріне қатысты іс-шаралар қарастырылған.

Сондай-ақ, бірлескен іс-қимыл жоспарында теміржол көлігі саласы бойынша іс-шаралар қарастырылған. Мысалы, теміржол көлігі саласындағы уәкілетті органға жүк тасымалдауды ұйымдастыру бойынша теміржол тасымалдаушысы мен экспедиторлық компаниялар арасындағы үлгі шарттарды әзірлеу және бекіту бойынша құзыреттілікті беруді көздейтін норманы қабылдау. Сондай-ақ «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы редакциясын дайындау және тағы басқа да теміржол көлігіне қатысты мәселелер қарастырылған.

Сонымен қатар, азаматтық авиация саласында ҚР-да шағын авиацияны дамыту жөніндегі 2019-2023 жылдарға арналған кешенді жоспардың іс-шараларын «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасына енгізу жұмыстарын жүргізу, әуе Кодексін әзірлеуді қамтитын саланы дамыту стратегиясын әзірлеу және тағы басқа да іс-шаралар бар.

Теңіз және өзен көлігі саласын жақсарту үшін отандық теңіз компаниялары үшін халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру кезінде ЖЖМ-ға жеңілдіктер беру механизмін әзірлеу, ЕАЭО аясында кеме қатынасы туралы келісімді іске асыруды қамтамасыз ету сияқты басқа да маңызды іс-шаралар бекітілді.

Бірлескен іс-қимыл жоспары 2016 жылдан бастап бекітіледі және жыл сайын өткізіледі.