Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Жаңалықтар

1208/19

Nippon Express жапон компаниясы Қазақстанда өкілдік ашуда

Бұл туралы "Nippon Express Co., Ltd." жапон компаниясының президенті Мицуру Сайтоның ҚР ИИДМ басшысы Роман Склярмен екіжақты кездесуі барысында белгілі болды.  Қазақстан Орталық Азия елдерінің ішінде алғаш рет әлемдік көлік-логистикалық индустриясының жетекші компанияларының ресми өкілдігі пайда болатын елдердің бірі болып табылады.

"Мен" Ниппон Экспресс " көлік-логистикалық индустриясындағы әлемнің жетекші компанияларының бірі бола отырып, бүгінгі таңда Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынасты дамытуға үлкен көңіл бөліп отырғанына шын жүректен қуаныштымын. "Ниппон Экспресс" компаниясының Қазақстандағы жұмысы ірі халықаралық тасымалдаушылардың Қазақстан ірі аймақтық транзиттік мемлекет ретінде жоғары сенімінің көрсеткіші болып табылатынын атап өткім келеді",-деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, "Nippon Express Co., Ltd." жапон компаниясының президенті Мицуру Сайтомен екіжақты кездесу барысында.

Роман Скляр ағымдағы жылдың қаңтар айында Жапония – Қытай – Қазақстан - Еуропа бағытындағы алғашқы контейнерлік пойыз ұйымдастырылып, жөнелтілгендігін, онда құрлықтағы көлікпен тасымалдау шамамен 14 күн алатынын атап өтті.

"Біз Азиядағы № 1 көлік-логистикалық компаниямыз. Қазақстан Орталық Азиядағы өз қатысуымызды кеңейте түсу үшін осы өңірде өкілдігімізді ашатын бірінші ел болып табылады. Біз бизнес жүргізуге ғана емес, Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға да мүдделіміз. Болашақта біз Қытайдан Еуропаға сіздің еліңіздің аумағы арқылы жүк тасымалдау көлемін арттыруға ықпал еткіміз келеді",-деді кездесу барысында Мицуру Сайто.

Тараптар елдің бірлескен күш-қуатымен жыл сайын тасымалданатын жүк көлемін ұлғайтатынына сенім білдірді, өйткені бұл салада Қазақстан мен Жапония іске асырылмаған үлкен әлеуетке ие, онда 2018 жылдан бастап Қазақстан аумағы бойынша транзиттік тасымалдардың 50% мөлшерінде өсу байқалады.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі