Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Жаңалықтар

0810/19
Более 112 млрд тенге выделено на жилье нуждающимся жителям Нур-Султана

Нұр-Сұлтан қаласының мұқтаж тұрғындарына 112 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

ҚР ИИДМ бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен елорданы дамыту жөніндегі кеңесте Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

Атап айтқанда, Өскенбаев қаланың жол–көлік инфрақұрылымын, индустриялық парктерді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторын дамыту, жылумен қамтамасыз ету жүйелерін дамыту, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы туралы баяндады.

"Әкімдікте тұрғын үйге мұқтаждардың есебінде 47 мың адам тұр,оның 24 мыңы - халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары. Кешенді жоспар аясында оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 2019-2023 жылдары 112,8 млрд.теңге бөлу көзделіп отыр",-деп атап өтті Өскенбаев.

Биылғы жылы "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 2085 отбасы, оның ішінде 616 көп балалы отбасыларды, 1050 жас буын азаматтарды және 419 әлеуметтік жағынан осал отбасыларды жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Сонымен қатар, кредиттік тұрғын үйдің 2498 пәтерінің құрылысы жүргізілуде. Бүгінде 250 пәтер салынды. Жыл соңына дейін 653 пәтер пайдалануға беріледі, қалған 1 595 пәтер келесі жылы тапсырылатын болады.

Сондай-ақ, оның айтуынша, елордада алдағы 5 жылда 150 км сумен жабдықтау және 81 км су жүргізу желілерін қайта құру және салу жоспарлануда.

"Министрліктің желісі бойынша Кешенді жоспар аясында республикалық бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 155 млрд.теңгеге сумен жабдықтау, су жүргізу және нөсер кәріздерінің 39 жобасын іске асыру қарастырылған", - деп атап өтті ол.

Нұр–Сұлтан жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға 2019 жылы республикалық бюджеттен 35 млрд.теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 25 жоба іске асырылуда, оның 5-ін ағымдағы жылы аяқтау жоспарланып отыр. Елорда аумағын абаттандыруға 19,2 млрд.теңге бағыттау көзделуде. Осы қаражат шеңберінде 8 жобаны іске асыру басталды.

Айта кету керек, 2018 жылы қабылданған Кешенді жоспарға сәйкес инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды қамтамасыз ету арқылы елорданың ауқымды құрылыс жұмыстары жалғасуда.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі