Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Жаңалықтар

2911/19
В Нур-Султане прошел II Международный форум энергосбережения

Нұр-Сұлтанда II Халықаралық энергия үнемдеу форумы өтті

2019 жылғы 29 қарашада Қазақстанның астанасында Екінші Халықаралық энергия үнемдеу форумы өтті, ол Қазақстан осы жылы 11 қарашада атап өткен Халықаралық «Энергия үнемдеу» күніне арналған.

Форумға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев, Дүниежүзілік Банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто, Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш, «KazEnergy» қауымдастығының Бас директоры Болат Ақшолақов және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарушы директоры Алмасадам Сәткалиев, сондай-ақ Еуропа, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан халықаралық ұйымдар мен бизнес құрылымдардың жетекші сарапшылары қатысты.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов атап өткендей, Қазақстан экономикасының дамуымен энергоресурстарға деген қажеттілік тек қана өсуде. Қазақстандағы энергия ресурстарын негізгі тұтыну өнеркәсіп саласына тиесілі. Электр энергиясының 67%-ы ірі өнеркәсіп тұтынушыларына тиесілі.

«2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарда Қазақстанның ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын 2025 жылға қарай кемінде 25% - ға төмендету жөніндегі міндет айқындалды. Бұл ретте, тәуелсіздік кезеңінде ЖІӨ энергия сыйымдылығы 56%-ға төмендеді, бұл кезеңде әлемдік экономиканың энергия сыйымдылығы 26%-ға төмендеді»,- деп атап өтті А.Ержанов.

«Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ (EEDI) Басқарма Төрағасы Бауыржан Смағұловтың айтуынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім (МЭТ) ЖІӨ энергия сыйымдылығын төмендетудің ұлттық мақсатына қол жеткізу жөніндегі басты тетік болып табылады.

«Шын мәнінде, МЭТ — бұл елдің энергетикалық ресурстарын ірі тұтынушыларының ауқымды дерекқоры. Бүгінгі таңда МЭТ-ке 11656 субъекті, оның ішінде 2019 заңды тұлға, 2540 квазимемлекеттік сектор ұйымы және 7098 мемлекеттік мекеме қосылды. МЭТ Субъектілердің МЭТ-ті жиынтық тұтынуы елдің барлық тұтынуының 60%-ға жуығын құрайды», - деді Бауыржан Смағұлов.

Форумның күн тәртібінде өнеркәсіпті энерготиімді цифрландыру, төмен көміртекті дамудағы және қоршаған ортаны қорғаудағы энергия үнемдеудің рөлі, ақпараттық хабардарлықты арттыру, мемлекеттік сектордың «жасыл» қаржысына қол жеткізу және энергия тиімділігі мәселелері өзекті болды.

Бұл ретте, форумның салтанатты бөлімінде «Энергия үнемдеу саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» ведомстволық наградаларды тапсыру және энергия үнемдеу мәселелерін көпшілікке тарату мақсатында ұйымдастырылған екі республикалық конкурстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткенін атап өту қажет. «Энергия үнемдеу балалардың көзімен-2019» атты балалар суреті конкурсының гран-при жеңімпазы болып Эльмира Сапарова атанды. Мемлекеттік ұйымдардың арасындағы «Ең үздік энергия тиімді бюджеттік мекеме» атағының иегері болып Екібастұз қ. әкімдігі Білім бөлімінің №9 «Радуга» балабақша-гимназиясы атанды.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі