Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Жаңалықтар

1202/20
В Шымкенте в 2020 году запланировано сдать более 500 тысяч кв. метров жилья

Шымкентте 2020 жылы 500 мың шаршы метрден астам баспананы пайдалануға беру жоспарланған

Шымкент қаласында 2019 жылы қаржыландырудың барлық көздерінен тұрғын үй құрылысына 59,7 млрд. теңге инвестиция бағытталды. Жалпы алаңы 523,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде жеке меншік және халық есебінен – 349,3 мың шаршы метр. Барлығы 4738 үй тұрғын үй салынды, оның ішінде – 1362 жеке үйлер.

Биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен 508 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған.

Жалға берілетін тұрғын үй құрылысы бойынша былтыр республикалық бюджеттен 11,8 млрд. теңге бөлініп, 1596 пәтер пайдалануға берілді. Оның ішінде кезекте тұрғандарға 242 пәтер, көп балалы отбасыларға 450 пәтер, жұмыс істейтін жастарға 904 пәтер берілді.

Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен жалға берілетін

1144 пәтер салуға 8,1 млрд. теңге көзделген. Оның ішінде кезекте тұрғандарға 394 пәтер, көп балалы отбасыларға 450 пәтер, жұмыс істейтін жастарға 300 пәтер салу қарастырылған.

Жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын шығару арқылы кредиттік тұрғын үй салу үшін 2019 жылы 11,5 млрд. теңгеге облигациялар шығарылып, 656 пәтер салынды. Биыл осындай 926 пәтер құрылысына 10 млрд. теңге сомасында қаражат көзделген.

Өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жаңа құрылысқа инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға республикалық бюджеттен 1 млрд.теңге көзделген. Ал биыл республикалық бюджеттен 4 жобаны іске асыруға 1 млрд. теңге сомасында қаражат қарастырылып отыр.

2020 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға республикалық бюджеттен 5 жобаға 1,5 млрд. теңге көзделген.

2019 жылдың сәуірінде Елбасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында кәріз тазарту жүйелерін жаңғырту мәселелерін, оның ішінде жеке инвестицияларды тарту арқылы пысықтауды тапсырды. Бүгінгі таңда Үкімет 53 кәріз тазарту жүйеі үшін бірыңғай Техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеуді бастады. Олар техникалық құжаттаманы дайындау дәрежесіне байланысты 3 топқа бөлінген. Шымкентте 1 және 2 кәріз тазарту жүйелерінің құрылысы тиісті жобаларды іске асырудың үшінші тобына жатады. 3 топ бойынша техникалық құжаттама 2020 жылдың 4-тоқсанында әзірленеді. Тиісінше, құрылыс 2021 жылдың 2-тоқсанында басталады деп жоспарланып отыр.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2020

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі