Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Жаңалықтар

1303/19
В Ташкенте прошел Узбекистанско-Казахстанский бизнес-форум

Ташкентте Өзбекстан-Қазақстан бизнес-форумы өтті

Бүгін Ташкент қаласындағы Hyatt Regency қонақ үйінде екі ел министрлері орынбасарларының қатысуымен қазақстандық тауар өндірушілердің сауда-экономикалық миссиясы аясында Өзбекстан-Қазақстан бизнес-форумы өтті. Қазақстан тарапынан делегацияны Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермен Көшербаев, өзбек тарапынан делегацияны Өзбекстан Республикасының Инвестициялар және сыртқы сауда министрінің орынбасары Лазиз Кудратов басқарды. Бизнес-форумға және сауда-экономикалық миссияға екі елдің мемлекеттік органдарының, ұлттық компанияларының және іскер топтарының 200-ден астам өкілі қатысты.

Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумы мен Сауда-экономикалық миссиясын ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігі «Атамекен» ҰКП-мен және Қазақстанның сыртқы сауда палатасымен бірлесе ұйымдастырды.

Өзбек тарапынан Өзбекстан Сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырды.

Іс-шараның басты мақсаты - тікелей байланыстар орнату, қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті сатып алушылар арасындағы сауда қатынастарды кеңейту, сондай-ақ B2B форматында екіжақты кездесулер өткізу.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамытудың үш негізгі бағыты сауда-саттықтың өсімі, инвестициялық ынтымақтастықты күшейту және көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту екенін атап өтті.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігі министрлігі экспортты ілгерілету департаментінің басқарма басшысы Өмірбек Баштай өз сөзінде экспортты қолдау бойынша қаржылық және қаржылық емес шаралар туралы егжей-тегжейлі баяндама жасады. Сондай-ақ 2018 жылғы 6 қазанда Қазақстан халқына Жолдауы аясында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес экспортты қолдау жұмыстарын күшейту мәселесін атап өтті.

Бизнес-форумның аясында B2B форматында Қазақстан мен Өзбекстан кәсіпкерлері арасында экономиканың түрлі салаларында: агроөнеркәсіптік кешен, азық-түлік өндірісі, химия өнеркәсібі, машина жасау және т.б. сияқты екіжақты келіссөздер жүргізілді.

Бизнес-форум барысында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстанның сауда-экономикалық әріптестігін одан әрі дамытуға бағытталған бірлескен ынтымақтастық пен перспективалар туралы таныстырылмдар жасалды.

Анықтама:

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы тауар айналым 2018 жылы 2,49 млрд. АҚШ долларын құрады (экспорт - 1,64 млрд. АҚШ долл., импорт - 0,63 млрд. АҚШ долл.). Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен  25,33% жоғары (экспорт – 31,55%, импорт – 14,76%).

Экспорттың негізгі бөлігі бидай, ұн, мұнай мен газ.

Сонымен бірге Өзбекстан Республикасына экспорттың өсуінің басым бөлігі бидай мен меслинге, портландцемент пен легирленбеген өңделмеген алюминийге (экспорттың жалпы көлемінің 26,5%-ы, экспорттың өсуінің 47%) тиесілі.

2018 жылы портландцемент 69,10 млн. долларға экспортталса, Өзбекстанға 69,07 млн. доллардың  портландцементі экспортталды.

2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша өзбекстандықтардың қатысуымен Қазақстанда 2578 заңды тұлға мен филиалдар тіркелген. Олардың 1331-і жұмыс істеп келеді.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі