Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Жаңалықтар

2801/20
Главе Правительства доложили о планах развития отечественного автопрома на 2020 год

Үкімет басшысына отандық автоөнеркәптің 2020 жылға даму жоспары баяндалды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Ұлттық автомобиль павильонын аралап, онда Қазақстанның автомобиль өнеркәсібін дамытудың 2020 жылға арналған жоспарларымен танысты.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қатысқан шарада отандық автомобиль өнеркәсібінің өкілдері саланың қазіргі жағдайы мен перспективалары туралы баяндады.  

Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС, «Азия Авто» АҚ, «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ, «Hyundai Trans Auto» АҚ сияқты жеңіл және жүк автокөліктерін шығаратын ірі өндірушілер жұмыс істейді. JAC, Ravon, IVECO, GM, Skoda, Peugeot, SangYong, Kia, Hyundai, Daewoo, Renault-Nissan-Автоваз сияқты әлемдік ірі кәсіпорындармен ынтымақтастық орнатылған.  

Нәтижесінде Қазақстанда автокөлік құралдарының барлығына дерлік түрін құрастыру өндірісі жолға қойылды. Елімізде 167 автомобиль үлгісі құрастырылады, оның ішінде 39 жеңіл үлгі, 22 әлемдік бренд бар.

2019 жылы елімізде автомобиль өндірісі көлемі 50 447 дана техникаға жетіп, саладағы ең жоғары көрсеткіш тіркелді. Машина жасаудың жалпы көлемінде саланың үлесі 26,2% құрады.

Ағымдағы жылы Қазақстанда 10-нан астам жаңа автомобиль үлгісінің өндірісі басталады. Қысқа мерзім ішінде автоөндіріс өнімінің жалпы көлемі 100 мыңға жеткізіліп, олардың 10-15 мыңын Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь, Әзірбайжан және өзге елдерге экспорттау жоспарланып отыр.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің қатысуымен «Узавтосаноат» АҚ және «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» арасында ынтымақтастық туралы келісімге, сондай-ақ «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС мен «UzAuto Motors» АҚ арасында автокөліктердің құрауыштарын жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылды. 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2020

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі