Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Жаңалықтар

0710/19
По уровню безопасности полетов Казахстан занимает II место среди стран СНГ

Ұшу қауіпсіздігінің деңгейі бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында II орында

ИКАО стандарттарына сәйкес ұшу қауіпсіздігі деңгейі бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында 74% көрсеткішпен II орынға ие, әуежайлардың қауіпсіздік деңгейі 83%-ды құрайды. Елдің авиациялық қауіпсіздік саласындағы жетістіктері ИКАО Кеңесінің марапатымен атап өтілді. Бұл туралы Үкімет отырысында Министрлік басшысы Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында кейбір әуе компанияларының авиабилеттерінің жоғары құнын атап өтті.   Сондықтан Министрлік осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізуде. Авиабилеттердің құны бірінші кезекте авиатасымалдарға (бәсекелестік, сұраныс, маусымдық, мереке және демалыс күндері), отынға және жолаушылар ағынының деңгейі бойынша баға белгілеудің нарықтық және динамикалық тетігіне байланысты болып келеді. Мемлекет тікелей реттеуден тең дәрежеде және тек авиакомпаниялар үшін бәсекеге қабілетті жағдайлар жасайды. Бәсекелестіктің арқасында ғана біз авиабилеттердің құнын төмендете аламыз. Мемлекет өз кезегінде нарықты бақылауға және тиісті қадағалауды жүзеге асыруы тиіс, осыған байланысты министрлік кешенді шаралар қабылдауда.

Бірінші. 2012 жылдан бастап қазақстандық авиакомпанияларда ішкі бағыттар бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін орындауына барлық шектеулер алынып тасталды. Ең танымал 3 маршрут бойынша ұшуды әр түрлі тарифтік ұсыныстары бар 4 авиатасымалдаушы жүзеге асырады. Бұл шара авиабилеттер құнының төмендеуіне әсер етті. Мысалы, егер 2012 жылы Нұр-Сұлтан-Алматы бағыты бойынша билеттің орташа құны АҚШ долларының бағамына шаққанда 85-ті құраса, 2019 жылы билеттер орташа есеппен 60 АҚШ долларын құрайды.

Екінші. Биылғы жылдың мамыр айында билет бағасы "Эйр Астанаға"қарағанда 2 есе төмен Fly Arystan алғашқы ұлттық лоукостері іске қосылды. Бүгінгі күні 470 мыңнан астам билет сатылды, билеттің 60% құны 10 мың теңгеден төмен. Әуе кемелерінің паркін кеңейту және маршруттық желіні ұлғайту қажет.

Үшінші. Министрлік авиаотынды тікелей өндірушіден соңғы тұтынушыға дейін жеткізуді оңтайландырады. Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп авиаотынға баға белгілеудің ашықтығын және үздіксіз жеткізулерге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету тетігін әзірлейді. Мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртумен байланысты ағымдағы жылы өндірілетін авиа отынының көлемі 694 мың тоннаны құрайды, бұл авиациялық нарықтың қажеттілігін толығымен жабуға мүмкіндік береді (700 мың тонна).

Төртінші. 2017 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласында "ашық аспан" режимі енгізілді. Соңғы 3 жыл ішінде қазақстандық және шетелдік авиатасымалдаушылармен 19 жаңа бағыт ашылды, оның ішінде: Токио, Варшава, Будапешт, Хельсинки және басқалар бар. Лондон, Мәскеу, Пекин, Ыстамбұл қалаларына қолданыстағы маршруттардың ұшу жиілігі ұлғаюда.  Қазақстандық тасымалдаушылар Шанхай (2020), Сингапур (2020 ж.), Нью-Йорк (2021 ж.) сияқты ірі қалаларға рейстер ашуды жоспарлап отыр.  Қазақстан 26 шетел мемлекеттерімен 99 халықаралық бағыт бойынша әуе қатынасы бар (бұл 26 шетелдік және 3 қазақстандық авиакомпаниялар арқылы аптасына 430 рейс ұшады деген сөз).

Бесінші. Министрлік біздің елге ұшудың тартымдылығын арттыру бойынша шаралар қабылдауда және бірқатар шетелдік тасымалдаушылардың Қазақстан нарығына шығуын жоспарлауда. Алдағы уақытта "Qatar Airways" (Доха 2020 ж.), "Emirates" (Дубай 2021 ж.), "China Eastern" (Шанхай 2021 ж.), Орал әуе жолдары, Жеңіс және т. б. авиакомпаниялардың келуі күтілуде.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей қалаларының әуежайларында "ашық аспан" режимін енгізу жоспарлануда. Барлық шетелдік авиакомпанияларға басым қаржы орталықтарына ұшуды орындау үшін ауа еркіндігінің 5-ші дәрежесі беріледі.

Алтыншы. Әуежайларда әуе кемелері мен жолаушыларға қызмет көрсетудің әлемдік стандарттары енгізілуде, бұл сервистік қызмет көрсету жөніндегі негізгі қызметтерді бірыңғай стандартқа келтіруге және сол арқылы авиакомпаниялардың шығыстарын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Әуе көлігінің жерүсті инфрақұрылымын жаңғырту іс жүзінде аяқталды. 16 ұшу-қону жолағы (ҰҚЖ) және Қазақстан әуежайларының 13 терминалы қайта жаңартылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін Қостанай және Балқаш қалаларының әуежайларының ҰҚЖ-ын қайта жаңарту аяқталады. Түркістан қаласында халықаралық әуежай құрылысы жалғасады.

Жетінші. Транзиттік жолаушылар ағынын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ішкі туризмді ынталандыру үшін шағын авиацияны дамыту жөнінде шаралар қабылдануда. Бүгінгі таңда жергілікті әуе желілерінің 3 әуеайлағы (Үшарал, Үржар, Зайсан) жұмыс істейді. Баянауыл әуеайлағын пайдалануға беру сатысында. Алдағы 5 жылда тағы да 13 аэродром салу көзделіп отыр.

Жалпы, Бейбіт Атамқұлов атап өткендей, азаматтық авиациядағы негізгі көрсеткіштердің динамикасы өсуде. Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша қызмет көрсетілген жолаушылар саны 6,3% - ға өсті, 5,6 млн.жолаушы тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 1,8% - ға артық. Соңғы 7 жылда транзиттік жолаушылар ағыны 45 есеге артты. Бұл көрсеткішті ағымдағы жылы 1 млн. транзиттік жолаушыға жеткізу жоспарланып отыр.

Бүгінгі күні ИКАО стандарттарына сәйкес ұшу қауіпсіздігі деңгейі бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында 74% көрсеткішпен II орында тұр, әуежайлардың қауіпсіздік деңгейі 83%-ды құрайды. Қазақстанның авиациялық қауіпсіздік саласындағы жетістіктері а. ж. 24 қыркүйегінде ИКАО Кеңесінің марапатымен атап өтілді.

Ағымдағы жылы барлығы 3 әуе апаты тіркелді. Барлық оқиғалар шағын авиацияның әуе кемелерімен болды (оқиғалар адам факторымен байланысты). Жалпы, әуе кемелері паркінің өсуі мен жаңартылуы, сондай-ақ ұшу қарқындылығының артуы байқалады.

"100 нақты қадам" Ұлт жоспарының 68 қадамын жүзеге асыру үшін Қазақстан ұшу қауіпсіздігінің жаңа үлгісіне көшті.  Ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап мемлекет 100% қатысатын "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы жұмыс істей бастады. Осы ұйымның негізгі функциялары авиакомпаниялар мен әуе кемелерін техникалық бақылау және қадағалау, персоналды ИКАО стандарттарына сәйкес оқыту болып табылады.

Министрлік басшысы өз сөзінде Азаматтық авиация саласы үшін отандық білікті кадрларды даярлау мәселесін де атап өтті.

"Отандық кадрлардың жетіспеуіне байланысты авиакомпаниялар көбінесе шетелдік ұшқыштарды және әкімшілік құрамды тартады. Біздің елімізде жалғыз оқу орны - азаматтық авиация академиясы бар, оның қабырғасында жыл сайын 400-ден астам маман даярланады. Жоғары білікті кадрларды даярлау мақсатында министрлік азаматтық авиация академиясының даму жоспарын әзірлеуде. 2020 жылы біз барлық жұмыс істеп тұрған оқу орындарын сала бойынша шоғырландырып, еуропалық стандарттарға сәйкес келетін Азаматтық авиацияның оқу орталығын құруды жоспарлап отырмыз. 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" жаңа мемлекеттік бағдарламасының жобасында Азаматтық авиация саласын одан әрі дамыту бойынша барлық шаралар мен тетіктер қарастырылған", - деді Б. Атамқұлов.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі