Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Жаңалықтар

0909/19
Сменилось руководство в АО «Пассажирские перевозки»

"Жолаушылар тасымалы "АҚ басшылығы ауысты

"Жолаушылар тасымалы" АҚ құрылымының барлық деңгейлеріндегі басқару құрамының халықаралық мамандарға өзгеруі нәтижеге бағдарланған озық бизнес модельді енгізуге мүмкіндік береді, бұл бірінші кезекте жолаушылар үшін тасымалдау сапасына әсер етеді.

2019 жылдың 2 қыркүйегінен бастап компанияның бас директорының міндеттеріне "DeutscheBahn"компаниясының қызметкері неміс маманы Михаил Кортюм кірісті. "DeutscheBahn" компаниясының жолаушылар тасымалы саласындағы жетістіктерін ескере отырып, жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігі қысқа мерзімде жоспарланған шараларды күтуді ақтайды деп сенеміз.  Сонымен қатар, "Жолаушылар тасымалы" АҚ-на өз қаражатын үнемдеу есебінен халықаралық мамандарды тарту арқылы, РБ-ке жүктеме салмайды. Бұл туралы ҚР ИИДМ-де өткен брифинг барысында белгілі болды.

"Мен 30 жылдан астам уақыт темір жол саласында жұмыс істеп келемін. Менің заңгерлік білімім бар, жалпы басқару магистрімін. Темір жол саласында жөндеу шеберханаларында жұмыс істедім, локомотивтермен жұмыс істедім, үлкен ұйымдарды және ірі компанияларды басқару саласында еңбек еттім. Мен осы жұмыстармен 20 жылдан астам уақыт айналысып келемін. Пойыздардың, локомотивтердің, жолсеріктердің бригадаларының жұмысын басқарумен және ұйымдастырумен айналыстым. Тұтынушыларға бағытталған жұмыс жүргіздім. Өткен жылы Германия мен шетелдерде жол құрылысын жоспарлаумен айналыстым. Мықты жағым - экономикалық жағдайды ұйымдастыру және теңестіру", - деді Михаэль Кортюм брифинг барысында.

Жаңа басшының айтуынша, қазіргі уақытта ол саладағы жағдайды жақсартуға және қазіргі проблемаларды шешуге бағытталған темір жол саласындағы Жол картасы бойынша жұмыс істейді.

"Министрлік жаңа неміс менеджментінің келуімен компанияны мүлдем басқа деңгей күтіп тұр деп санайды. Оң мысал ретінде "Эйр Астана"әуекомпаниясында менеджментті келтіруге болады. Біз бұл менеджмент нақты нәтижелерге бағдарланған алдыңғы қатарлы бизнес-модельді енгізуге мүмкіндік береді деп есептейміз, ол бірінші кезекте жолаушылар үшін тасымалдау сапасына әсер етеді",-деп атап өтті брифинг барысында ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі