Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Жаңалықтар

0711/19
Азербайджан изучает опыт Казахстана в борьбе с техногенными авариями

Әзірбайжан Қазақстанның техногендік апаттармен күресу тәжірибесін зерттеуде

2019 жылдың 5 және 6 қараша күндері Әзірбайжан астанасында «Радиациялық және химиялық қауіпсіздік проблемалары» тақырыбына арналған ғылыми-техникалық конференция өтті. Іс-шараға Қазақстаннан,  Германиядан, Әзірбайжаннан, Түркиядан, Ираннан, Ресейден, Грузиядан келген мамандар қатысты.

Іс-шараның шеңберінде, сарапшылар атом энергетикасының радиациялық қауіпсіздігі және техногендік апаттардың салдарын жою туралы өзекті ғылыми-тәжірибелік мәселелерді талқылады.

ҚазҚСҒЗИ Өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Ералы Шокбаров «Техногендік апаттар кезіндегі тәуекелді бағалау» тақырыбына арналған баяндамасын ұсынды. Ол баяндамасында Жамбыл облысы, Луговая станциясындағы жер сілкінісінен, Қызылағаш ауылындағы су тасқынынан, Текелі қаласындағы жер сілкінісінен, Жамбыл облысындағы дауылдан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарының тәжірибесі туралы, сондай-ақ  ату жарақтарының жарылуы нәтижесінде зардап шеккен Арыс қаласындағы қалпына келтіру жұмыстары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Осы жұмыстар барысында мамандар ғимараттарға, құрылыстарға және әлеуметтік маңызды объектілерге техникалық тексеру жүргізген болатын.

Іс-шараның соңына қарай, Ресей Федерациясының Экология және Тіршілік қызметінің қауіпсіздігі Ғылымдарының Халықаралық академиясы Президиумының Жарғы негізіндегі шешімімен (Санкт-Петербург  қ.) «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Ералы Шокбаров Төтенше жағдайлар секциясы бойынша Академияның толық мүшесі (академигі) болып сайланды.

2019 жылғы 25 қазандағы №05778 Академик дипломын Вице Президент Родин Геннадий Александрович табыстады.  


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі