Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

2017 жылы ТҮКШ, білім беру және көлік-логистика салалары бойынша 150 стандарт әзірлеу жоспарланды

Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Медиа-орталығында  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  атты Елбасы Жолдауын іске асыру аясында ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті қызметінің негізгі бағыттары» тақырыбына брифинг өтті.

Елбасының «Жаңғыру 3.0» Жолдауына сәйкес ҚР ИДМ алдында 2017 жылға  Техникалық реттеу және метрология комитеті атынан елдің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық әлеуетін арттыру бойынша міндеттер тұр.

 «Комитет 2017 жылға Жолдауды іске асыруға ықпал ететін, Смарт сити, Индустрия 4.0, Органикалық өнім және Халал, Көрсетілетін қызметтерді стандарттау, Құрылыс саласы, Денсаулық сақтау, Мемлекеттік бақылау сияқты негізгі бағыттарды анықтады»,- деп хабарлады Б. Қанешев. Ол әрбір бағытқа жан-жақты тоқталып өтті.

«Смарт сити бағытында стандарттардың толық базасын құру жоспарланып отыр. Комитет стандарттау жөніндегі халықаралық, аймақтық және ұлттық органдармен тығыз ынтымақтастық орнатып,  ИСО 268 «Қоғамның тұрақты дамуы» Техникалық комитетінің жұмысына қатысуда. Бұл комитетке халықаралық жетекші сарапшыларды тарта отырып, «Смарт Астана» тұжырымдамасын қалыптастыруға белсенді қатысуға мүмкіндік берді»,- деді ҚР ИДМ ТРМК төрағасы Біржан Қанешев.

Сондай-ақ, ол Комитеттің ең басты міндеттерінің бірі Индустрия 4.0 элементтерін енгізу үшін жағдайлар жасау, атап айтқанда – машина жасау, тау-кен өндіру және химиялық өнеркәсіп салаларындағы негізгі бағыттар бойынша төртінші өнеркәсіп революциясының талаптарын ескере отырып, стандарттарды қоса алғанда, нормативтік базаны қалыптастыру  болып табылатынын атап өтті.

Б. Қанешевтің айтуынша, Органикалық өнім және Халал бағыты бойынша Комитет, халықаралық тәжірибе негізінде қандай өнімді органикалық деп, ал қандай өнімді Халал деп санауға болатынын және де оны өндіру процесін кімнің бақылайтынын анықтау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, көрсетілетін қызметтерді стандарттау бағыты көрсетілетін қызметтер саласында нормативтік-техникалық база құруды қамтитынын айтты. Ол үшін көрсетілетін қызметтердің 10 бағыты бойынша жаңаларын құру немесе стандарттау жөніндегі қолданыстағы техникалық комитеттердің қызметін кеңейту жоспарланып отыр. 2017 жылы 150-дей стандарт әзірлеу жоспарланған, оның ішінде туристік қызметтер, ТҮКШ қызметтері, ақпараттық технологиялар, білім беру және көлік-логистикалық қызметтер бар.

ҚР ИДМ ТРМК төрағасы Құрылыс саласындағы бағыттар туралы да айтты. Ода Комитет екі деңгейлі нормативтік базаға көшу, нормативтер талаптарына сәйкестікті бағалау жүйесін құру және бақылау мен инспекциялаудың сәйкес жүйесін қалыптастыруда сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде техникалық реттеу жүйесін реформалау жоспарланып отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, бұл құрылыс нысандарының сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, жаңа технологияларды енгізу кезінде кедергілерді жоюға, нысандар салуға рұқсат беру рәсімдерін қысқартуға және жеңілдетуге мүмкіндік береді.

«ІІ басымдық «Бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту» бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде Комитет қызметінің бағытын қамтиды. «Бұл тауардың шығу тегі туралы сертификат беру жөніндегі бақылауға, өткізу сатысында орамадағы өлшеп буылған тауарды метрологиялық бақылауға, сондай-ақ , мониторинг жолымен бақылаудың өзге жолдарын қолдануға қатысты. Сонымен қатар, ішінара тексеруді жою бойынша ұсыныстар енгізілді, бұл бизнеске қысымды азайтады», - деді Б. Қанешев.

Спикер өз сөзін қорытындылай келе, медициналық зертханалардың «Денсаулық сақтау» саласындағы ISO 15189 «Медициналық зертханалар. Сапасы мен құзыреттілігіне қойылатын талаптар» халықаралық стандартына сәйкестігін аккредиттеу жөнінде белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Кәсіби деңгейлерін арттыру үшін Аккредиттеу жөніндегі органның мамандары шетелде оқыды және тағылымдадан өтті. ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің алаңында Аккредиттеу жөніндегі органның бағалаушыларының қатысуымен жұмыс тобын құру жоспарлануда.

 

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі