Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы талқыланды.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті қызметкерлері арасында, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы кеңінен талқыланды. Бүгінгі таңда, Қазақстанның алға қойған мақсат, болашаққа бағдарымыз, «Қазақстан - 2050» стратегиялық жоспарының басты бағыты баршамызға белгілі. Елбасының осы жолғы жолдауы да, еліміздің ұстанған бағытына аяқ басу жолына серпін бермек. Әлем көшбасшыларына айналу жолында бізге келесідей міндеттерді шешу керектігі айтылған:

  1. Индустриаландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айнауы тиіс. Ол дегеніміз Кәсіпорындарымызды жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған, өнімнің экспортқа шығуын көздейтін жаңа құралдарды әзірлеп, сыннан өткізу.
  2. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту. Бұл кешенді ақпараттық - технологиялық платформаларды белсенді түрде енгізу, кәсіпорындардың энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуге, энергия өндірушілер жұмыстарының экологиялық тазалығы мен тиімділігіне қойылатын талаптарды арттыру.
  3. «Ақылды технологиялар» - агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі. Ол еңбек өнімділігін түбегейлі арттыру және өңделген өнімнің экспортын ұлғайту.
  4. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру. Транзиттен түсетін жыл сайынғы табысты 2020 жылы 5 милиард долларға жеткізу. Ішкі өңірлік қатынастырды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салуға араналған қаржы көлемін көбейту.
  5. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу. Құрылыс салудың жаңа әдістерін, заманауи материалдарды, ғимараттардың жобасы мен қала құрылысының жоспарын жасағанда мүлдем басқа тәсілдерді қолдану. Ғимараттардың сапасына, экологиялық тазалығына және энергиялық тиімділігіне жоғары талап қою және салынған ғимартаттарды интелектуалды басқару жүйесімен жабдықтау.
  6. Қаржы секторын қайта жаңғырту. Ұлттық банк пен Үкімет бірлесе отырып, экономика саласындағы нақты тиімділікті есепке алатын ставкалармен бизнеске ұзақ мерзімді несиелендіруді қамтамасыз ету мәселесін шешу.
  7. Адами капитал – жаңғыру негізі. Бұл жерде, білім берудің жоғары сапасы, тегін техникалық және кәсіптік білім беру жобасын жүзеге асыруды жалғастыру, қоғамдық денсаулықты сақтау ісін күшейту, негізгі мамандықтар бойынша заманауи стандарттар мен білім  берудің жаңа бағдарламаларын әзірлеу қажеттігі баяндалды.
  8. Тиімді мемлекеттік басқару. Бұл дегеніміз, мемлекеттік әкімшілендіру кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындардың шығындарын қысқартуға байланысты жұмыстырды жалғастыру, «Бір терезе» қағидаты бойынша бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету үдерістерін цифрландыру.
  9. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі. Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса отырып, қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелер мен қоғамдық орындарда бейнебақылау жүргізетін және жол қозғалысын қадағалайтын интелектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізу.
  10. Ақылды қалалар мен ақылды ұлт. Өздеріңіз білетіндей «Смарт сити» тұжырымдамасы қаланы ғана өркендетіп қоймайды, бұл сіз бен біз қауіпсіз де қолайлы өмір сүру үшін және инвесторлар тарту үшін үлкен мүмкіндік. Себебі олар елді емес, жайлы өмір сүріп, жұмыс істейтін қаланы таңдайды.

Міне, осы аталған Елбасы Жолдауындағы маңызды міндеттерге жеке - жеке талдау жасалып, Департаменттің қандай міндеттерді іске асыруға үлес қосатыны айтылды.

 

 

 

 

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі