Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

2018 жылы ауыз сумен қамтамасыз ету жобаларын жүзеге асыруға шамамен 68 млрд. теңге бөлінді

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіру аясында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездескенде мәлімдеді.

«2018 жылы 193 жобаны іске асыруға 67,9 млрд. теңге қарастырылған. Бұл өткен жылғыдан 17,6%-ға артық. Ауылдық елдімекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау қолжетімділігін 59%-ға дейін, қалаларда 94%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда. Бұл саланың даму қарқынын арттырады және тұрғындардың басым көпшілігін ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,-деді Жеңіс Қасымбек.

Оның айтуынша, қазір ауылдарда 80,7% немесе 6,2 млн. адам орталықтандырылған суға қол жеткізген. 2017 жылы 164 жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 55,8 млрд. теңге бөлінді (ауылдар - 35,1 млрд. теңгеге 134 жоба, қалалар - 20,7 млрд. теңгеге 30 жоба).

Осы жобалардың іске асырылуына байланысты шамамен 2700 км су тарту желілері салынды және реконструкцияланды. 184 мыңнан астам адам орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілді. Елбасы биылғы Жолдауында ауылдық елдімекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешудің маңыздылығын атап өткен болатын.

Жұмыс сапарының аясында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың халық алдындағы есептік кездесуіне қатысты. Сонымен қатар, «Өскемен ЖЭС» ЖШС, «Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты» ЖШС, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ ұжымдарымен кездесті.

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі