2018 жылы еліміздің көмір өндіруші компаниялары 113,7 млн.тонна көмір өндірді (көмір концентратын есептемегенде), бұл 2017 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 5,4% артық.
Энергия өндіруші кәсіпорындарға 57,7 млн. тонна көмір жөнелтілді. Бұл 2017 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 102,5% құрайды.
Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 12,8 млн. тонна көмір жөнелтілді. Бұл да 2017 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 102,4% құрайды.
Осы кезеңде 29,2 млн. тонна көмір экспортталды. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда салыстырғанда 99,6% құрайды.
2019 жылғы 18 қаңтардағы жағдай бойынша, жылдық жоспарға (2018 жылғы 1 мамырдан бастап 2019 жылғы сәуірге дейін) сәйкес көмір қорымен қамтамасыз ету 96,4% құрайды.
Барлық өңірлер коммуналдық-тұрмыстық сектор және халық үшін көмір жеткізу кестесінің жылдық жоспарын уақытынан бұрын орындауда, мысалы: Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды облыстары, Алматы және Шымкент қалалары – 100 %; ШҚО – 99,8%; СҚО – 93,9%; Түркістан обл. – 98,2 %; Ақтөбе обл. - 94,5%.
Ақмола облысы (83%) мен Астана қаласына да (82,8%) көмір жеткізудің айлық жоспары уақытында орындалып келеді.
Бұнымен бірге, әкімдіктер мен көмір сатушылар арасында жасалған меморандумдар есебінен еліміздің барлық өңірінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттілік пен халыққа сатылатын көмірдің бағасы орташа есеппен 15-20% төмендеді.