Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

2019 ЖЫЛҒЫ 12 АҚПАНДАҒЫ ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДАҒЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ БАЯНДАМАСЫ

2019 жылғы су тасқыны

кезеңіне дайындық туралы

ҚР Үкіметінің отырысына

баяндама

(12.02.2019ж. сағ.10:00)

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Құрметті әріптестер!

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын су тасқыны кезеңіне дайындау мақсатында Іс-шаралар жоспары бекітілді. Орталық және өңірлік деңгейде Автомобиль жолдары комитетінің, «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының, «Қазақавтожол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдерінен, сондай-ақ олардың облыстық филиалдарының өкілдерінен су тасқынының алдын алу жөнінде комиссиялар құрылды.

Анықтама: Іс-шаралар жоспарында: жүру бөлігін қар мен мұздан, суды жіберуге арналған, жүру бөлігін, жол жиектерін және жол құрылыстарын тазарту; қажетті жол-құрылыс материалдарының (құм, тастар, қаптар, жанар-жағар май және т.б.) қорын даярлау; су тасқыны қаупі бар учаскелер мен жол құрылыстарын анықтау және ол жерлерге жол техникасын бекіту; су тасқыны қаупі бар жерлерді күн сайын қарау; жарылыс жұмыстарын жүргізуге мамандандырылған ұйымдармен шарттар жасасу көзделген.

10 ақпаннан бастап тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды және күн сайын жолдар мен жол құрылыстарын патрульдеу жүргізіліп, су тасқыны қаупі бар 472 учаскелер және 713 құбырлар мен 83 көпірлер бақылауға алынды. Бұл учаскелерге бүгінгі күні 550 бірлік қажетті жол техникасы бекітілді.

Анықтама: Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзақтығы 24,4 мың км. құрайды, 1 301 көпір (68,8 мың п.м.) және 14 696 су өткізу құбырлары (316,2 мың п.м.) орналасқан.

Су тасқыны кезеңіне уақтылы дайындықты ұйымдастыру үшін Іс-шаралар жоспарына сәйкес бүгінгі күні жол материалдары, яғни 254 мың тонна жанар-жағар май (60%), 6,8 мың м3 құм (47%), 2,1 мың м3 тас (75%), 9,5 мың м3 ұсақталған тас (68%) және темірбетонды конструкциялар қоры құрылды.

Су тасқынына қарсы шараларды атқару кезінде өңірлердегі климаттық жағдайлар, сонымен қатар өткен жылдардағы су тасқыны кезеңі қорытындылары ескеріледі.

Темір жолдарды және жасанды құрылымдарды су тасқыны кезеңіне уақтылы дайындау мақсатында, «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының бұйрығы бекітілуде.

Пойыздар үздіксіз және қауіпсіз жүру үшін 1 наурызға дейін оңтүстік өңірде, 15 наурызға дейін батыс және шығыс өңірлерде, ал 1 сәуірге дейін солтүстік аймақта қажетті материалдар мен конструкциялар тиелген 42 арнайы пойыз дайындалатын болады.

Анықтама: тастар, рельстер, инвентарға алынған металлдар, платформаларға тиелген металл мен темірбетон құбырлары және т.б.

Жолдар мен жасанды құрылғылардың қауіпсіздігін және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін техникалық шаралар әзірленеді және қауіпті жерлердің тізімі жасалып жатыр.

Аумақтық ұйымдармен бірлесіп су қоймаларының, агротехникалық бөгеттердің жай-күйін тексеру, сондай-ақ күрделі жағдай туындаған кезде облыстық төтенше жағдайлар бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау жұмыстары жүргізілуде.

Су тасқыны қаупі кезеңінің басталуына дейін көпірлердің, құбырлардың су жүретін жолдарын тазарту жұмыстары жоспарланған. Жоғарыда көрсетілген іс-шаралар бойынша жұмыстар арнайы бақылауға алынды және уақытылы орындалып жатыр.

Назарларыңызға рахмет!

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі