Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

2019 жылғы 15 қаңтарда өтетін Үкімет отырысына арналған техникалық реттеу мәселелері жөніндегі баяндама

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Құрметті әріптестер!

Техникалық реттеу саласында қабылданған шаралар мен оны одан әрі жетілдіру жөніндегі міндеттер туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.

2-слайд.

Ішкі нарықта өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету және экспортқа жағдай жасау мақсатында 2018 жылғы 5 қазанда «Стандарттау туралы» және оған қоса берілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары қабылданды.

Бизнесті жаңа талаптарға қайта бағдарлау үшін Заңның күшіне ену мерзімі 2019 жылдың 11 сәуіріне белгіленді.

Осы заңдарды іске асыруда барлық қажетті нормативтік-құқықтық актілер бекітілді және Әділет министрлігіне тіркелді (23 бұйрық, сондай-ақ Үкіметтің Ұлттық стандарттау органын анықтау туралы бір қаулысы қабылданды).

Стандарттау туралы қабылданған заң еуропа елдерінің тәжірибесіне негізделген. Ол стандарттаудың халықаралық үлгісіне (Германия, Ұлыбритания, Австрия және Норвегия тәжірибесі) өтуге жағдай жасайды және мыналарды қамтиды:

  1. Стандарттау бойынша жұмыстардың бірыңғай операторы ретінде Ұлттық стандарттау органын белгілеп, ұлттық стандарттау жүйесін құру;
  2. «мемлекет-бизнес-тұтынушы» арасында стандарттарды консенсустық талқылау орталығы ретінде стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер мәртебесін арттыру;
  3. бірыңғай талаптарды белгілеу мақсатында техникалық ерекшеліктер арқылы мемлекеттік сатып алуда, салалық заңнамада стандарттарды, оның ішінде сапасы бойынша қолдану аясын кеңейту.

Бұдан бөлек, Индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының үшінші бесжылдығының міндетін іске асыру аясында стандарттарды әрбір тауарлық топ бойынша анықтау болжануда. Бұл өндірушілерді жоғары сапаға бағдарлауға мүмкіндік береді.

3-слайд.

Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» салалық Заңның түзетулері өлшем құралдарын калибрлеуді дамытудың халықаралық үлгісін енгізуге бағытталған (калибрлеу дегеніміз – алынатын өлшем нәтижесінің дәлдігін өздігінен реттеудің икемді және өзі реттелетін механизмі, осылайша шығарылатын өнімдердің сапасы артады).

Бұл салада мемлекет басымдыққа ие болды және приборларды салыстырып тексеру мерзімін белгіледі.

Жаңа үлгі бизнестің қатысуымен салалық мемлекеттік органдардың Өлшем тізбесін тек мемлекеттік реттеу қажет салаларда ғана құру мен бекітуді көздейді. Бұл ішкі технологиялық процестерді (мәселен, өнімдер өндірісінде бөлшектердің өлшемін сызғышпен, штангенциркульдермен және тағы сол сияқты құралдармен өлшеуді) мемлекеттік бақылаудан шығаруға мүмкіндік береді.

4-слайд.

Жоғары ұлттық заңнама аясында Одақтың қалған 13 техникалық регламенті бойынша келіссөздер процесінің тиімділігін арттыру мақсатында, оның ішінде әкімдіктер жанындағы өңірлік штаб мүшелері ішінен техникалық сарапшылардың тікелей қатысуын қамтамасыз ету ұсынылады. Бұндай сарапшылардың тиісті базасын біз мемлекеттік органдар мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсыныстары бойынша жасап шығардық.

Ол үшін техникалық сарапшылардың келіссөздерге қатысу шығынын өтеу мәселесін шешу қажет.

Осындай тиісті есептеулерді дайындадық, Қаржы министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінен осы бастаманы қарастыруды сұраймыз.

Сонымен қатар, 2019-шы жылы қосарланған нормалауды алып тастау бойынша ұлттық деңгейде тиісті жұмыстар жүргізу қажет және 13 қазақстандық техникалық регламенттің күшін жоюға қою керек.

Анықтамалық: Ауыл шаруашылығы министрлігі жағынан (5 Қазақстан Республикасының техникалық регламенті) – биоэтанол, биодизель, дәрілік заттар, балық өнімдері, консервілер мен пресервілер; Энергетика министрлігі жағынан (4 Қазақстан Республикасының техникалық регламенті) – эмиссияларға қойылатын талаптар бойынша; Денсаулық сақтау министрлігі жағынан (3) халыққа арналған ауыз су, тамақ өнімдері, алынған гендік модификацияланған ағза, алкоголь өнімдері. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетіжағынан(1).

20 қазақстандық техникалық регламент бойынша ішкі нарықты қолдау және сынаудың қазіргі заманғы әдістерін пайдалану мақсатында толық өзектендіру талап етіледі.

Осыған байланысты, салалық мемлекеттік органдардан 2019 жылдың 1-ші жартыжылдығында осы жұмысты аяқтауды сұраймыз.

5-слайд.

Мемлекеттік бақылауды іске асыру кезінде ведомствоаралық өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру үшін «жедел түрде» Қазақстанда және Еуразиялық экономикалық комиссияға мүше елдермен шекаралар периметрі бойынша ақпарат алмасу және жұмыс алгоритмін қарастыратын мемлекеттік бақылау органдарының (Техникалық реттеу және метрология комитеті, Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты қорғау комитеті, Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті) мониторингтеу тобы құрылды және өзара іс-қимыл тәртібі қабылданды.

Осы жұмыс нәтижелері бойынша уақытша сақтау қоймаларында сертификатталған өнімнің үлесін арттыруда оң динамика байқалады (шартты шығаруда болатын тауарлар мөлшерінің 70 % (пайызға) азаюы).

Ішкі нарықты қорғау жөніндегі жүйелік шараларды қабылдау үшін біздің бастамамызбен «Техникалық реттеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға Тұжырымдама жобасы дайындалды.

Анықтамалық: негізгі бағыттар:

  • бақылау субъектісін емес, өнімді бақылау мәнін анықтау (Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдамасында көрсетілгендей)
  • өнім айналымын камералдық қадағалауға мүмкіндік беретін интеграцияланған ақпараттық ведомствоаралық жүйелерді енгізу
  • сәйкес келмейтін өнімге пікір механизмін қайта қарау және басқалар.

Әзірлеменің болжалды мерзімі – 2019-2020 жылдар.

6-слайд.

Біз аккредиттеуді жүргізу процесін толықтай автоматтандыруға көшуді жоспарлап отырмыз. Бұл көрсетілетін қызметтердің ашықтығын, жылдамдығын және сертификаттау процестерінің барлық кезеңдерін қадағалауды қамтамасыз етеді.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде осындай тәжірибе бар.

Анықтама:Ресей және Беларусь электронды оқшау ортаны енгізді және өз өндірушілерін «жасыл дәліз» бойынша кіргізеді, ал үшінші елдерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың сынақ хаттамаларын қоса алғанда, дәлел қорының толық пакетін сұрата отырып, «қызыл дәліз» бойынша кіргізеді.

Күшіне енген 41 техникалық регламентті зертханалық жабдықтауға қатысты іс жүзінде барлық бағыт бойынша база бар. Жаңа бағыттар бойынша Индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының үшінші бесжылдығы аясында сынақ базасын кеңейту жоспарланып отыр (химия, энергия тиімділігі,  аттракциондар, балаларға арналған ойын алаңдары және тағы басқа техникалық регламенттер).

7-слайд.

Ұсынылатын шаралар Біріккен Ұлттар ұйымының Тұрақты дамыту мақсаттарымен (сапалы білім, таза су және санитария, лайықты жұмыс және экономикалық өсім, орнықты қалалар және елді мекендер және тағы басқалар) үйлестіріліп, қазақстандық өнімдер мен қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі кешенді жоспардың әзірленіп жатқан жобасында қамтылады.

8-слайд.

Сіздің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы экспортты ілгерілету мәселесіне арналған кеңесте берген тапсырмаңызға сәйкес, басым елдермен жүйелік өзара іс-қимыл жасау үшін өнімді ілгерілету кезінде техникалық кедергілерді жою туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі бірлескен іс-қимыл жоспарын дайындадық (жоспар жобасы 2018 жылғы 25 желтоқсандаАуыл шаруашылығы министрлігіменДенсаулық сақтау министрлігінеқарауға және бұрыштама қоюға жіберілді)

Жоспардың негізгі іс-шаралары мыналар:

  • басым елдердің нарығына шығу үшін өңделген өнім туралы олардың заңнамасында белгіленген талаптарды зерделеу және келісу;
  • стандарттарды бейімдеу (басым экспорттаушы елдердің стандарттары мен техникалық құжаттары негізінде ұлттық стандарттарды әзірлеу жолымен);
  • қазақстандық аккредиттеу жүйесіне аккредиттеуден өтуге үміткер шетелдік сертификаттау органдарын тартуда аккредиттелген және сынақ орталықтары базасын дайындау.

Қазіргі уақытта осы жоспарды іске асыруға кірісіп кеттік.

9-слайд.

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, Министрлікте ішкі нарықты қорғауға бағытталған шаралар кешенін қабылдау, отандық өндірушілерді ынталандыруға және экспортты ілгерілетуге көмектесу бойынша мемлекеттік органдар мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тарапынан қолдау бар. Министрлік жоғарыда айтылған міндеттерді белгіленген мерзімде орындайды.

Назарларыңызға рақмет!

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі