Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

2019 жылғы 5 ақпандағы Үкімет отырысындағы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің баяндамасы

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Мемлекет басшысының кеңейтілген отырыста берген тапсырмаларын іске асыру барысы туралы баяндауға рұқсат етіңіз.

«Жергілікті желілердегі автомобиль жолдарын жақсы жағдайдан 90%-ға дейінгі деңгейге жеткізу бойынша жұмысты белсендіру туралы» тапсырмасы жөнінде

Ағымдағы жылы біз, қымбат күрделі жобалардан салқын ресайклинг экономикалық орташа әдісіне көшеміз.

2019 жылы паритетті негізде республикалық және жергілікті бюджеттен 150 млрд. теңге бөлу қарастырылған.

Осылайша 2025 жылға қарай жергілікті желіліредің жағдайын 90 %-ға  дейін жақсартамыз (жақсы және қанағаттанарлық жай-күйде).

«АҚШ пен Жапонияға тікелей әуе рейстерін ашу мәселесін пысықтау» тапсырмасына қатысты

Ағымдағы жылы Министрлік «Эйр Астана» авиакомпаниясымен бірлесіп Жапония, Нью-Йорк, Шанхай және әлемнің басқа да ірі қалалары  бағыттары бойынша әуе қатынасын ашу жөнінде тиісті шаралар қабылдайтын болады.

Биыл АҚШ-қа ұшу үшін аккредитация рәсімдерін бастаймыз.

Министрлік «Ашық аспан» жобасы бойынша Қазақстан мен АҚШ арасында әуе қатынасы туралы үкіметаралық Келісім жобасын қол қоюға әзірледі. Қол қою биыл наурыз айына жоспарланды.

«Жастар үшін қолжетімді тұрғын үй құрылысын қамтамасыз ету мәселесін пысықтау» тапсырмасы бойынша

 «Жастар жылы» жол картасын іске асыру мақсатында ағымдағы жылы біз Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастар үшін 1 мыңнан кем емес жалға берілетін пәтерлердің құрылысын (немесе сатып алуын) бастаймыз.

Министрлікпен нақты тетіктері мен қаржыландыру көздері белгіленді. Бюджеттік ұйымдардың қызметкердері үшін бағадарламаның қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін  тұрғын үй сертификаттарын беру мәселелері жөнінде тұрғын үй заңамасына  түзетулер енгізу  бойынша жұмыстар жұмыстар жүргізілуде.

«7-20-25» бағдарламасына, «Нұрлы жер» бағдарламасына түзетулер енгізілді, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қарыздарының бастапқы жарнасының мөлшерлемесі 30%-дан 20%-ға дейін төмендетілді.

Осы шаралар тұрғын үйдің қолжетімділігін барынша қамтамасыз етеді.

Астана қаласының жоспарына ұқсас аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемалары өңірлерді дамыту мәнісін, тұрғындардың негізгі қоғамдық игіліктер мен қызметтерге қол жетімділігін ескере отырып әзірлеу» тапсырмасы бойынша

«Нұрлы жер» бағдарламасының шеңберінде бірінші қабаттарда әлеуметтік объекттерді орналастыра отырып тұрғын үй құрылысы көзделді.

Бірінші қабаттарда емхана, амбулаторий, балабақша орналастырылатын тұрғын үй құрылысының үлгілік жобаларын әзірледік.

«Өңірлерде сумен жабдықтау және су бұруға байланысты мәселелерді талдау және шешу бойынша ұсыныстарды пысықтау» тапсырмасы бойынша

Өткен жылдан бастап ауылды сумен жабдықтауға барлық қаржыландыру көздерінен жыл сайын 100 млрд. теңге бөлінеді. Осының арқасында 84,4% ауыл тұрғындары орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілді (6,5 млн. адам).

Инфрақұрылымды дамыту экономикалық өсімі бар негізгі жерлерде көзделеді.

Қазіргі уақытта Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар әзірленіп жатыр, олар жобаларды іске асыруын барынша тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

«Тұрғын үй құрылысында қазақстандық мазмұнның өсімін қамтамасыз ету» тапсырмасы бойынша

2018 жылдың қорытындысы бойынша тұрғын-үй құрылысы жобаларындағы жергілікті қамтудың үлесі 86 % құрады.

Біз электрондық Реестрі іске қостық.

 «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге отандық өнімді қолдануына бақылау жүргіземіз.

Үш жылдың ішінде тұрғын үй құрылысында жергілікті қамтуды 90 %-ға дейін жеткіземіз.

 

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі