Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

«Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 625 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 11605 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

2) «Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметіне сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 645 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 11619 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрі                                                     Ж. Қасымбек

Жарияланған: 08.02.2019
Жаңартылған: 08.02.2019
© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі