Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Ақкөл жұртшылығына Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі бағыттары түсіндірілді

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шаққалиев Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша республикалық ақпараттық топтың құрамында Ақкөл ауданында болды.

Делегация Ақкөл қаласының белсенділері - мемлекеттік мекемелердің басшыларымен, №10 агротехникалық колледж студенттерімен, қоғам қайраткерлерімен және қаланың құрметті тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында Арман Шаккалиев Елбасының халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жақында айтып өткен жолдауындағы негізгі бағыттардың жүзеге асырылуы туралы айтты.

Ол өзінің баяндамасында өмір сүру сапасы халық табысының деңгейінен, тұрғын үйге қолжетімділіктен, білім беру және денсаулық сақтау, инфрақұрылым мен жол салаларындағы қызметтердің сапасынан тұрады деп атап өтті.

Комитет төрағасы №10 агротехникалық колледжде болды, онда оқу орнының қызметкерлері мен студенттерімен кездесті. Жас тыңдаушыларға спикер үнемі жұмыс істеудің маңыздылығын айтты. Студенттер өздерінің таңдаған мамандықтарының болашағы және белсенді және салауатты өмір салты олардың қазіргі адамның басымдықтары мен құндылықтарын қалыптастыруға әсері туралы қызығушылық танытты.

Арман Шакқалиев сондай-ақ аудандағы білім беру мекемелерінің басшыларымен кездесті, онда «Педагог мәртебесі туралы» жаңа Заңның қабылдануы туралы айтылды, мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесін көтеруге, оқу жүктемесін азайтуға, қажетсіз тексерулерден және басқа да шаралардан қорғауға ынталандыратын болады. Мұғалімдердің күрделі жұмыстарын атап көрсеткен ол жас ұрпақтың кәсіптік бағдарлауына қатысу қажеттігін атап өтті. 2021 жылға қарай мектептер мен балабақшалардың 100%-ға дейін бейне бақылау жүйелерімен жабдықталатындығын айтып, Ақкөл мектептерін атап өтті.

«Өмір сүру сапасы да біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігі болып табылады, сондықтан цифрландыру – бұл әсемдік емес, ол қажеттілік. Бүгін Ақкөл мектептерінің электрондық қауіпсіздік өту жүйесімен жарақтандырылғыны бізді таң қалдырды», - деді ол.

Қатысушылар Мемлекет басшысының Жолдауының басым бағыттарын талқылау және түсіндірумен қатар, Мемлекет басшысының қойған міндеттерінен басқа проблемаларды да талқылады. Қала тұрғындары тұрғын үйдің, өнім сапасының және өңірдегі инфрақұрылымды дамытудың өзекті мәселелеріне қызығушылық танытты. Талқылау қорытындысы бойынша кездесуге қатысушылар әрбiр азаматтың іске қосылған мемлекеттiк бағдарламалар мен бастамаларды iске асыруға қатысуының маңыздылығын атап өттi.

Аккольской общественности разъяснили основные положения Послания Главы государства

Аккольской общественности разъяснили основные положения Послания Главы государства

 

© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі