Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Авиациялық оқу орталықтары мен авиация персоналының қызметтері саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

«Авиациялық оқу орталықтары мен авиация персоналының қызметтері саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 623 бұйрығына өзгерістен енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Авиациялық оқу орталықтары мен авиация персоналының қызметтері саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 623 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11612 болып тіркелген) төмендегі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Авиация персоналына куәліктерді беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа                                                 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

1) отыз минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі маманының өтінішті қабылдауы және тіркеу нөмірі мен күнін беру арқылы оны тіркеуі;

2) екі сағат ішінде басшының және оның орынбасарының қарарын қою;

3) екі сағат ішінде құрылымдық бөлімше басшысының жауапты орындаушыны анықтауы;

4) жауапты орындаушының ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруі және бес жұмыс күні ішінде сертификаттық тексеру жүргізу үшін комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құру;

5) Комиссияның он жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың тақырыбы мен мазмұнын талдауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда жауапты орындаушы бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап ресімдейді;

6) бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін сертификаттық тексеру;

7) аяқталғаннан кейін төрт жұмыс күнінің ішінде Сертификаттық тексеру актісі (бұдан әрі - Акт) толтырылады;

8) оң шешім қабылданған жағдайда сертификат дайындалады және құрылымдық бөлімше басшысына (басшының орынбасарына) бір жұмыс күні ішінде жіберіледі;

9) құрылымдық бөлімше басшысы (басшының орынбасары) сертификатқа бір жұмыс күні ішінде қол қояды.»;

7) және 8) тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері қатысады:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы (Комиссия төрағасы);

3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары;

4) жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы;

5) жауапты орындаушы;

6) Комиссия мүшелері.

8. Әрбір рәсімдердің (іс-қимылдардың) ұзақтығын көрсете отырып, жұмыскерлер арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы отыз минут ішінде құжаттарды қабылдау мен тіркеуді жүзеге асырады, оларды көрсетілетін қызметті беруші басшысына (басшының орынбасары) жібереді.

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы (басшысының орынбасары) екі сағат ішінде қарар қояды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесін анықтайды;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы екі сағат ішінде жауапты орындаушыны анықтайды және құжаттарды жауапты орындаушыға қарауға береді:

4) көрсетілетін қызметті алушының өтініші стандарт талаптарына сәйкес келген (толық болған) жағдайда бес жұмыс күні ішінде сертификаттық тексеру жөніндегі комиссия құрылады;

5) Комиссия мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың тақырыбы мен мазмұнына талдау жүргізеді, мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) сәйкессіздігі анықталған жағдайда жауапты орындаушы бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауапты ресімдейді;

6) Комиссия сертификаттық тексеруді бес жұмыс күні ішінде жүргізеді;

7) сертификаттық тексеру аяқталғаннан кейін Комиссия төрт жұмыс күні ішінде сертификаттық тексеру актісін жасайды;

8) Комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда, жауапты орындаушы бір жұмыс күнінің ішінде сертификатты дайындайды және құрылымдық бөлімшенің басшысына (басшының орынбасарына) қол қоюға жібереді;

9) құрылымдық бөлімшенің басшысы (басшының орынбасары) сертификатқа бір жұмыс күні ішінде қол қояды.»;

1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын:

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрі                                                     Ж. Қасымбек

Жарияланған: 07.02.2019
Жаңартылған: 08.02.2019
© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі