Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

«Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларын бекіту және ҚР

«Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 422 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 22 шілдедегі №422 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 40, 249-құжат) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларындағы:

9-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Мемлекеттік бақылау актісі құжаттарды алған кезден бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді және өтініш берушіге беріледі.»;

екінші абзац алынып тасталсын;

үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Құжаттар Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық құжат нысанында ұсынылады.»;

15-тармақта:

екінші абзац алынып тасталсын;

үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Құжаттар Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық құжат нысанында ұсынылады.»;

16-тармақта:

3)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар басқа да ұйымдар үшін – әкетілетін шикізат тауарлары құқығына ие болуды растайтын құжат;»;

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Уәкілетті орган әкетуге арналған қорытындыны не қайта өңдеуге арналған қорытындыны уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша уәкілетті органға құжаттарды ұсынған кезден бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде береді.»;

үшінші абзац алынып тасталсын;

төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Құжаттар Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық құжат нысанында ұсынылады.»;

17-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Мемлекеттік бақылау актісі құжаттарды алған кезден бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді және өтініш берушіге беріледі.».

  1. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                    А. Мамин

 

Жарияланған: 06.03.2019
Жаңартылған: 06.03.2019
© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі