Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Бизнестің жол картасы - 2020

«Бизнестің жол картасы-2020»
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасын бекіту,
«Бизнестің жол картасы 2020"
іске асыру жөніндегі кейбір
шаралар туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2010
жылғы 10 маусымдағы № 556
қаулысына өзгерістер енгізу
және Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдерінің
күші жойылды деп тану туралы
 
 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысы.

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

      4. Жергілікті атқарушы органдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      5. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

            Қазақстан Республикасының

 

                Премьер-Министрі

К. Мәсімов

 

Екінші бағыт: экономиканың басым секторларында және



өңдеуші өнеркәсіп салаларында қызметті жүзеге асыратын



кәсіпкерлерді салалық қолдау

      93. Бағдарламаның екінші бағыты кәсіпкерлерге мынадай қаржылық қолдау шараларын көрсетуді көздейді:

      5) ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру.

Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру

      163-1. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы

      9 желтоқсандағы № 1194 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 12640 болып тіркелген Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына (бұдан әрі – Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидалары) 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында инвестициялық жобаны іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлерге "Қазақстанның даму банкі" АҚ еншілес ұйымы "ҚДБ-Лизинг" АҚ ұсынады.

      163-2. Кәсіпкер ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды пайдалану кезінде жобаны іске асыруда лизинг мәнінің жалпы құнының кемінде 15 %-ы мөлшерінде ақша қаражатымен қатысуды қамтамасыз етуге тиіс.

      163-3. Лизинг мәнінің құны кемінде 150 млн. теңге болуға тиіс (жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін кемінде 75 млн. теңге).

      163-4. Ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыру 10 жылға дейiнгi мерзiмге берiледi. Қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесі өтінім беруші үшін 5 % құрауға тиiс, бұл ретте "ҚДБ-Лизинг" АҚ бюджеттік кредиті мен өзге де қорландыру құралдарының қатынасы 80/20 құрауға тиіс. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну көлемін ұлғайту мақсатында осы Бағдарламада айқындалған шарттармен өтелген лизингтік төлемдер есебінен ақша қаражатын қайта пайдалануға жол беріледі. Осы талаптар "Өнімділік 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысымен бекітілген "Өнімділік 2020" бағдарламасы шеңберінде 2011–2012 жылдары жасалған шарттарға да қолданылады.

      163-5. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу үшін кәсіпкер "ҚДБ-Лизинг" АҚ-қа мынадай құжаттар топтамасын ұсынады:

      1) бірінші басшының, бас бухгалтердің (бар болса) қолдары қойылған және мөрмен расталған өтінім;

      2) өтінім берушінің Бағдарлама талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтерді көрсететін жобаның паспорты. Жоба паспортының нысаны Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларымен бекітілген;

      3) бизнес-жоспар, жобаның ТЭН-і, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітетін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу әдістемесіне сәйкес әзірленген кешенді жоспар;

      4) бірінші басшы қол қойған және мөрмен расталған сауалнама;

      5) кредиттік тарих субъектісінің (заңды және жеке тұлғаның) кредит бюросына ол туралы ақпаратты беруге және кредиттік тарихы туралы ақпарат алуға кредиттік тарих субъектісінің бірінші басшысы, "ҚДБ-Лизинг" АҚ тарапынан басқарма төрағасы немесе өзге уәкілетті тұлға қол қойған келісімі;

      6) әділет органдарында заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәліктің нотариус куәландырған көшірмесі/электрондық түрде тіркелген заңды тұлға туралы анықтама;

      7) қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке қойылғаны туралы куәлік (бар болса);

      8) құрылтай құжаттардың (құрылтай шарты, жарғы) нотариус куәландырған көшірмелері, әділет органдарында тіркелген өзгерістер мен толықтырулар/әділет органының алғаны туралы белгісі бар енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарламалар;

      9) жарғыға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы әділет органынан анықтаманың түпнұсқасы және/немесе электрондық құжат;

      10) бірінші басшыны сайлау/тағайындау туралы мөрмен расталған шешімнің немесе бұйрықтың нотариус куәландырған көшірмесі түрінде, бірінші басшының лауазымға кірісуі туралы бұйрық, бас бухгалтерді тағайындау туралы бұйрық, бас бухгалтерге немесе өзге тұлғаларға төлем, қаржы және өзге құжаттарға қол қою құқығына өкілеттік беру туралы бұйрық;

      11) жарғылық капиталдың қалыптастырылуын растайтын құжаттардың нотариус куәландырған көшірмелері не мөрмен расталған көшірмелері (төлем тапсырмасы, кіріс кассалық ордер, жарғылық капиталды мүлікпен қалыптастырған кезде мүлікті қабылдау-тапсыру актісі, ақшаны және басқаларды қоспағанда мүліктің тәуелсіз бағасы);

      12) лизинг алушының ұйымдық-құқықтық нысаны – акционерлік қоғам болған жағдайда, акциялардың 5 және одан да көп % иелері туралы бағалы қағаздар иелерінің тізілімі жүйесінен үзінді;

      13) өтінім берушінің ұйымдық-құқықтық нысаны – жауапкершілігі шектеулі серіктестік болған жағдайда (серіктестік тізілімін жүргізуге шарт болған жағдайда) серіктестіктің жарғылық капиталына қатысу үлесіне меншік құқығын растау туралы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары тізілімінен үзінді;

      14) әлеуетті лизинг алушының атынан, егер бұл тұлға әлеуетті лизинг алушының өкілі болып табылса құжаттарға және "ҚДБ-Лизинг" АҚ-мен жасалатын шарттарға қол қою құқығына тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат (хаттамадан үзінді, сенімхат);

      15) бірінші басшының, бас бухгалтердің немесе әлеуетті лизинг алушының атынан өкілдік ететін тұлғаның (егер әлеуетті лизинг алушының мүддесін сенімхат бойынша өкілі білдірген жағдайда) қолдарының үлгілері бар және әлеуетті лизинг алушы мөрінің таңбасы бар нотариус куәландырған құжат;

      16) әлеуетті лизинг алушының бірінші басшының, бас бухгалтердің немесе сенімхат негізінде әлуетті лизинг алушының атынан өкілдік ететін тұлғаның нотариус куәландырған жеке куәліктерінің көшірмелері;

      17) құжаттардың мөрмен расталған көшірмелері: жеке тұлға үшін – жеке куәлік, заңды тұлға үшін – жарғы, заңды тұлғаның атқарушы органын (бірінші басшысын) тағайындау туралы құрылтайшылар шешімі;

      18) акцияларды орналастырудың қорытындысы туралы есептердің көшірмелері, барлық өзгерістері мен толықтырулары бар акцияларды шығару проспектісі, акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, аффилийрленген тұлғалар (акционерлік қоғамдар үшін) туралы мәліметтер;

      19) соңғы үш жылдың және соңғы есепті күнге (тоқсан, жартыжылдық, 9 ай) (акционерлік қоғамдар үшін жылдық қаржылық есептілік аудитпен расталуы тиіс) әлеуетті лизинг алушының қаржылық құжаттары (БҚЖК бойынша № 1, 2, 3 және 4 нысандар);

      20) сомаларын, мерзімдерін көрсете отырып кредиторлық, дебиторлық және қаржы берешектерін және оның қалыптасу себептерін, 3 айдан артық мерзімге кешіктірілген кредиторлық берешекті өтеу және дебиторлық берешекті қайтару бойынша жүргізілетін іс-шараларды таратып жазу, сондай-ақ баланс валютасынан 20 % асатын бухгалтерлік баланс баптарын таратып жазу;

      21) "негізгі құралдар" деген бухгалтерлік баланс баптарын таратып жазу;

      22) қызмет көрсететін банктерден соңғы 12 айдың банктік шоттары бойынша ай сайынғы айналымды көрсете отырып, банк шоттарының бары туралы, несие/мерзімі өткен несие берешек, несие/мерзімі өткен несие берешек сомасының бар болуы немесе болмауы туралы анықтама, картотека бойынша мәліметтер, сондай-ақ лизинг алушының өзге банктік шоттарының бар/жоғы туралы хаты;

      23) салықтар және бюджетке және зейнетақы қорына басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің бар болуы немесе жоқтығы туралы салыстыру актісін қоса бере отырып, салық комитетінің анықтамасы;

      24) қолданыстағы қарыз, кредиттік желі, қаржылық лизинг шарттарының және ақша қаражатын тарту бойынша өзге де шарттардың көшірмелері;

      25) қосымшалары, ерекшеліктері және барлық өзгерістері мен толықтырулары (мұндайлар болған жағдайда) қоса берілген шарттар және/немесе алдын ала жасалатын шарттар (дайын өнімді өткізу, қызмет көрсету бойынша);

      26) әлуетті лизинг алушы қызметінің негізгі түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті рұқсаттардың, лицензиялардың және өзге де құжаттардың нотариус куәландырған көшірмелері және/немесе электрондық құжаты;

      27) жобаның іске асырылуы болжанатын жер учаскесіне меншік құқығын/иелену және пайдалану (жалдау) құқығын растайтын (құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары) құжаттардың нотариус куәландырған көшірмелері;

      28) лизинг заттарына құжаттар:

      құнын, жеткізу талаптарын, жеткізу мерзімдерін, кепілді мерзімін, кепілді мерзімнен кейінгі қызмет көрсетудің бар/жоғын және шарттарын көрсете отырып, сатып алынатын лизинг заттарына коммерциялық ұсыныс;

      лизинг заттарына (арнайы техниканы және өзге лизинг заттарын қоспағанда жабдыққа) техникалық құжаттаманың көшірмелері: өнімділікті, энергия тұтынуды, жабдық габариттерін, орындау және жарақтандыру параметрлерін, жұмыс жылдамдығы мен режимін, пайдалы қызмет мерзімін қоса алғанда, конструкциясын, негізгі техникалық сипаттамасы мен жиынтықталуын сипаттай отырып, сатып алынатын лизинг заттарына техникалық ұсыныс;

      басқа өнім берушілерден ұқсас жабдыққа баламалы техникалық және коммерциялық ұсыныстар;

      СЭҚ ТН кодын беру бойынша брокерлік компанияның қорытындысы, келісімшарт болған жағдайда кеден органынан КО СЭҚ ТН кодының алдын ала шешімі беріледі (түпнұсқалар және/немесе нотариус куәландырған көшірмелер);

      лизинг заттары үшін үй-жайлар мен инфрақұрылымға арналған техникалық құжаттаманың көшірмелері (арнайы техника, автокөлік және өзге лизинг заттарын қоспағанда, жабдыққа): жылжымайтын мүлік объектілеріне (лизинг заттарын орналастыру үшін), қосалқы үй-жайларға (ілеспе өндіріске) және инженерлік инфрақұрылымға техникалық паспорттар; жаңа, салынып жатқан жылжымайтын мүлік объектілеріне (лизинг заттарын орналастыру үшін) және қосалқы үй-жайларға жобалау және құрылыстың нақты дайын кезеңінің құжаттары беріледі (мемлекеттік сараптаманың қорытындысы, құрылысқа рұқсат, қабылдау комиссиясының актісі және басқалар). Техникалық паспорт оларды алу шамасына қарай беріледі;

      лизинг заттарын орналастыруға арналған (қажет болған жағдайда) жылжымайтын мүліктің жоспарланатын құрылысына, реконструкциясына, күрделі жөнделуіне (егер жөндеу жүргізген кезде конструкциялық немесе тіреу элементтері, сондай-ақ көлемді сипаттамалары мен ғимараттың қауіпсіздігі өзгерсе) жобалау-сметалық құжаттама (түпнұсқалар және/немесе нотариус куәландырған көшірмелер);

      лизинг заттарының пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін (қажет болған жағдайда) инженерлік инфрақұрылымның жобалау немесе техникалық құжаттамасы (түпнұсқалар және/немесе нотариус куәландырған көшірмелер) (құрылыс жобасы немесе инженерлік желілерге, жүйелерге немесе коммуникацияларға техникалық паспорт пен талаптар);

      негізгі өнім берушіні таңдауға негіз болған өлшемшарттар мен параметрлерді көрсете отырып, бағалардың егжей-тегжейлі салыстырмалы талдауын, техникалық сипаттамаларын, өндірістің технологиялық әдістерін қоса алғанда, негізгі және балама коммерциялық және техникалық ұсыныстардың салыстырмалы бәсекелес талдау;

      сатып алынатын жабдыққа және басқаға сертификаттар, сондай-ақ дилерлік сертификаттар (авторландыру); дайын өнімді өткізуге арналған алдын ала жасалған шарттар болған кезде конструкциясын, қасиеттерін, қолданыстағы нормативтер мен стандарттарға сәйкестігін көрсете отырып, сатып алынатын жабдыққа арнап шығару жоспарланатын бұйым ассортиментінің сипаттамасы;

      жаңа өндіріс құрылған немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды түбегейлі жаңғыртқан кезде, технологиялық жоба ұсынылады;

      29) ҚОӘАБ сатысында кейіннен ҚОӘБ мен ҚОҚ сатыларында қорытындылар (түпнұсқа және/немесе нотариус куәландырған көшірмелер) ұсынбай мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы (инвестициялар, сондай-ақ ТЭН, ТЭЕ, бизнес-жоспарлар және басқа жобалау алдындағы құжаттардың негіздемесі);

      30) лизинг заттарын сатушылардың құжаттары:

      қазақстандық заңды тұлғалар үшін:

      жарғының;

      мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің/анықтаманың;

      салық төлеуші куәлігінің;

      сатушының уәкілетті органының атқарушы органды (бірінші басшыны) тағайындау туралы шешімінің;

      атқарушы органның (бірінші басшының) лауазымға кірісуі туралы бұйрығының;

      бірінші басшының жеке басын куәландыратын құжаттың;

      заңды тұлға құрылтайшыларының жеке басын куәландыратын құжаттардың (акционерлік қоғамдардың құжаттарын, сондай-ақ шаруашылық серіктестіктер қатысушыларының тізілімін жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестіктердің құрылтай құжаттарын қоспағанда);

      мемлекеттік лицензияның (егер клиенттің қызметі "Рұқсаттар

      мен хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензияланған жағдайда);

      әлеуетті өнім берушінің (сатушының) сауалнамалық деректерінің нотариус куәландырған көшірмелері;

      шетелдік заңды тұлғалар үшін апостиль қойылған және/немесе нотариус куәландырған аудармасы бар заңдастырылған құжаттардың;

      құрылтай құжаттарының;

      жарғының (болған жағдайда);

      ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен (аудармасы бар нотариус куәландырған көшірмелер) операцияларды жасауға заңды тұлғаның құжаттарына қол қоюға өкілеттігі (-ктері) бар лауазымды тұлғаның (-лардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (-тардың) көшірмелері;

      ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасауға заңды тұлғаның құжаттарына қол қою құқығына тұлғалардың өкілеттігін растайтын құжаттар;

      заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өтуі фактісін растайтын уәкілетті орган берген құжат;

      заңды тұлға құрылтайшыларының жеке басын куәландыратын құжаттар (акционерлік қоғамдардың құжаттарын, сондай-ақ шаруашылық серіктестіктер қатысушыларының тізілімін жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестіктері құрылтайшыларының құжаттарын қоспағанда);

      заңды тұлға орналасқан жердің мекенжайын куәландыратын құжат;

      әлеуетті өнім берушінің (сатушының) сауалнамалық деректері;

      31) қамтамасыз ету бойынша құжаттар (кепілдіктер, кепілгерлік, кепілзаттар және басқалар);

      32) лизинг затын қаржылық лизинг шарттарында сатып алу, сатушыны таңдау, лизинг мерзімі, лизингтік мәміле шеңберінде әлеуетті лизинг алушының атынан шарттарға қол қою үшін тұлғаға өкілеттік беру, мүлікті кепілге беру және мүлікті соттан тыс сатуға келісім (мүлікті кепілге берген жағдайда) туралы әлеуетті лизинг алушының уәкілетті органы шешімінің (жалғыз қатысушының шешімі немесе қатысушылардың жалпы жиналысының немесе акционерлер жалпы жиналысының немесе қоғам директорлары кеңесінің хаттамасы немесе егер бір тұлғалы орган болса, қоғамның атқарушы органының бұйрығы немесе егер құзыретіне байланысты алқалы орган болса, басқарма хаттамасы) көшірмелері.";

      163-6. Кәсіпкер құжаттардың толық топтамасын ұсынғаннан кейін "ҚДБ-Лизинг" АҚ осы Бағдарламаның 163-1-тармағында айқындалған өлшемшарттарға сәйкестігін тексеруді, ішкі нормативтік құжаттарда көзделген тәртіпте және мерзімдерде индустриялық-инновациялық жобаның сараптамасын жүзеге асырады.

      163-7. Оң шешім болған жағдайда "ҚДБ-Лизинг" АҚ пен кәсіпкер қаржы лизингі шартын жасасады.

      163-8. "ҚДБ-Лизинг" АҚ Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институты мен кәсіпкерді мұндай шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну туралы қабылданған шешім бойынша хабардар етеді.

      163-9. "ҚДБ-Лизинг" АҚ пен кәсіпкердің арасында қаржы лизингі шарты жасалғаннан кейін "ҚДБ-Лизинг" АҚ Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институтымен және кәсіпкермен Индустриялық-инновациялық жобаның мониторингі туралы келісім жасасады. Индустриялық-инновациялық жобаның мониторингі туралы келісімнің үлгілік нысанын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алған кәсіпкер Индустриялық-инновациялық жобаның мониторингі туралы келісімге сәйкес еңбек өнімділігін ұлғайтады.

"Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру" құрауышы

      276. "Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру" құрауышы сарапшыларды тарту арқылы еңбек өнімділігін арттыру, озық өндірістік тәжірибелерді енгізу мәселелері бойынша кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерін даярлауға және/немесе қайта даярлауға бағытталған.

      277. "Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру" құрауышы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған экономиканың басым секторларында қызметін кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асырған кәсіпкерлерге ұсынылады.

      278. "Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру" құрауышы шеңберінде үшінші тұлғалар көрсеткен қызметтерге жұмсалған шығындарды ішінара өтеу жүзеге асырылады.

      279. "Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру" құрауышы шеңберінде:

      1) кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді даярлауға және/немесе қайта даярлауға;

      2) сарапшыларды тарту жолымен үздік өндірістік практикаларды енгізуге, бірақ 1 (бір) маманға 9 (тоғыз) миллион теңгеден аспайтын мөлшерде кәсіпорын жұмсаған шығындарды өтінім берілген күнге дейін кемінде 24 (жиырма төрт) ай бұрын 40 (қырық) пайызы мөлшерінде, бірақ күнтізбелік жылда 30 (отыз) миллион теңгеден аспайтын мөлшерде өтеу көзделеді.

      "Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру" құрауышы бойынша шығындардың түрлері Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалады.

      280. Құрауышты ұсыну тетігі:

      1) Қаржылай емес қолдау операторы бұқаралық ақпарат құралдарында кәсіпкерлер сәйкес келуге тиісті талаптарды, өтінімдерді қабылдау орнын, оларға қоса берілетін құжаттардың тізбесін, сондай-ақ егжей-тегжейлі ақпарат қамтылған интернет-ресурсқа сілтемелерді көрсете отырып, өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыруды орналастырады;

      2) өтінім және оған қоса берілетін құжаттар КҚКО-ға немесе құрауыш операторына құжаттар тізімдемесімен қоса қағаз жеткізгіштерде ұсынылады;

      3) Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды олардың толықтығы тұрғысынан белгіленген талаптарға сәйкес қарайды және оларды құрауыш операторына жібереді. Өтінімнің және оған қоса берілген құжаттардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда, Қаржылай емес қолдау операторы өтініш берушіні бұл туралы хабардар етеді;

      4) өтініш беруші өтінімнің және қажетті қосымшалардың сәйкес келмейтіндігі туралы ақпаратты алғаннан кейін сәйкессіздіктерді жояды және өтінім мен қоса берілетін құжаттарды Қаржылай емес қолдау операторының қарауы үшін КҚКО-ға қайта енгізеді;

      5) Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінім мен қоса берілген құжаттарды қайта қарауды жүзеге асырады және сәйкессіздіктер болмаған жағдайда, қоса берілетін құжаттары бар өтінімді құрауыш операторына жібереді;

      6) құрауыш операторы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды олардың белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады және шығындарды өтеудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды;

      7) құрауыш операторы өтініш берушінің әрбір өтінімі бойынша шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы қабылданған шешім туралы Қаржылай емес қолдау операторын хабардар етеді;

      8) шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы қаржылай емес қолдау операторына өтініш берушінің қол қоюы үшін құрауыш операторы қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісімді 2 данада қоса бере отырып, хабарлама жібереді. Өтініш беруші Шығындарды өтеу туралы келісімге қол қойғаннан кейін қаржылай емес қолдау операторы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен құрауышты одан әрі іске асыру үшін бір данасын құрауыш операторына қайтарады;

      9) теріс шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторына өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіндігін көрсете отырып, хабарлама жібереді. Қаржылай емес қолдау операторы кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру мақсатында өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіндігі туралы хабарламаны оның негізділігі тұрғысынан қарайды.

      281. Өтініш беруші өтінімінің белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау құжаттардың толық тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.

      282. Өтініш берушілерден толық тізбеде көзделмеген құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берілмейді.

      283. Құрауыш операторы құрауышты іске асыру кезінде өтініш берушімен Шығындарды өтеу туралы келісім жасасады, онда:

      1) құрауыш бойынша шығындарды өтеу сомасы және қажет болғанда өтеуге қабылданатын шығындардың сомасы бойынша түсініктеме;

      2) кейіннен мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға жіберу үшін құрауыш операторының құрауыштың іске асырылуына мониторинг жүргізуі мақсатында өтініш берушінің құрауыш операторына Шығындарды өтеу туралы келісім жасалғанға дейін 2 (екі) жыл бұрынғы және жасалғаннан 2 (екі) жыл кейінгі деректерді қоса алғанда, өтініш беруші туралы статистикалық деректерді индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен құрауыш операторына таратуға келісім беруі;

      3) құрауыш бойынша нысаналы индикаторға қол жеткізілмеген жағдайда, құрауыш операторының өтініш берушіден құрауышты іске асыру барысы туралы ақпаратты сұрату құқығы;

      4) Шығындарды өтеу туралы келісімнің шарттары бұзылған жағдайда, келісімді бұзу және шығындарды өтеу түрінде құрауыш бойынша берілген ақшалай қаражатты қайтару көзделеді.

      284. Құрауыш операторы Шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күнінен бастап 2 (екі) жыл ішінде құрауыштың іске асырылу барысы туралы мониторингті жүргізеді.

      285. Құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының құрауышты іске асыру жөніндегі өзара іс-қимыл жасасуы құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторы арасында жасалған тиісті келісімнің шеңберінде жүзеге асырылады, оның шеңберінде құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторының консультанттарын құрауышты іске асыру мәселелері бойынша кезеңдік оқытуды жүзеге асырады.

      286. Құрауышты Қаржылай емес қолдау операторының тарапынан іске асыру Қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

"Кәсіпорындарды технологиялық дамыту" құралы

      324. "Кәсіпорындарды технологиялық дамыту" құралы мынадай құрауыштарды іске асыруды көздейді:

      1) "Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау";

      2) "Технологиялық процестерді жетілдіру";

      3) "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру";

      4) "Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау".

"Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау" құрауышы

      325. "Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау" құрауышы "Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру" бөлімі шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу үшін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларын іске асыру шеңберінде карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге және/немесе сараптауға бағытталған.

      326. "Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау" құрауышы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған индустриялық-инновациялық жобаны іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын немесе қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын кәсіпкерлерге ұсынылады.

      327. "Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау" құрауышының шеңберінде үшінші тұлғалар көрсеткен қызметтер үшін шығындарды өтеу жүзеге асырылады.

      328. "Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау" құрауышы шеңберінде:

      "Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру" бөлімі шеңберінде лизингтік қаржыландыруды алу үшін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу үшін;

      карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау үшін кәсіпорын жұмсаған шығыстарды өтінім берілген күнге дейін кемінде 24 (жиырма төрт) ай бұрын 40 (қырық) пайызы мөлшерінде, бірақ күнтізбелік жылда 60 (алпыс) миллион теңгеден аспайтын мөлшерде өтеу көзделеді.

      "Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау" құрауышы бойынша шығындардың түрі Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалады.

      329. Құрауышты ұсыну тетіктері:

      1) Қаржылай емес қолдау операторы бұқаралық ақпарат құралдарына кәсіпкер сай келуге тиіс талаптарды, өтінімдерді қабылдау орындарын, оларға қоса берілетін құжаттар тізбесін, сондай-ақ егжей-тегжейлі ақпаратты қамтитын интернет-ресурсқа сілтемені көрсетіп, өтінімдер қабылдау туралы хабарландыруды орналастырады;

      2) өтінім мен оған қоса берілетін құжаттар КҚКО-ға немесе операторға құжаттар тізімдемесімен бірге қағаз жеткізгіштерде ұсынылады;

      3) Қаржылай емес қолдау операторы белгіленген талаптарға сәйкес 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімдер мен оған қоса берілген құжаттардың толықтығы тұрғысынан тексереді және оларды құрауыш операторына жібереді. Өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда, Қаржылай емес қолдау операторы бұл туралы өтініш берушіге хабарлайды;

      4) өтінім мен қажетті қосымшалардың сәйкессіздігі туралы ақпаратты алғаннан кейін өтініш беруші сәйкессіздіктерді жояды және өтінім мен қоса берілетін құжаттарды КҚКО-ға Қаржылай емес қолдау операторының қарауына қайта енгізеді;

      5) Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінім мен қоса берілген құжаттарды қайтадан қарауды жүзеге асырады және сәйкессіздіктер болмаған жағдайда, өтінімді қоса берілген құжаттармен бірге құрауыш операторына жібереді;

      6) құрауыш операторы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен 10 (он) жұмыс күні ішінде берілген өтінім мен оған қоса берілетін құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады және шығындарды өтеу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды;

      7) құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторын өтініш берушінің әрбір өтінімі бойынша шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы қабылданған шешім жөнінде хабардар етеді;

      8) шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы қаржылай емес қолдау операторына құрауыш операторы қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісімнің қосымшаларымен бірге хабарламаны 2 (екі) данада өтініш берушінің қол қоюы үшін жібереді. Шығындарды өтеу туралы келісімге өтініш беруші қол қойғаннан кейін қаржылай емес қолдау операторы бір данасын Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен құрауышты одан әрі іске асыру үшін құрауыш операторына қайтарады;

      9) теріс шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторына өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін көрсетіп, хабарлама жолдайды. Кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру мақсатында Қаржылай емес қолдау операторы өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні туралы хабарламаның негізділігін қарайды.

      330. Өтініш беруші өтінімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау құжаттардың толық тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.

      331. Өтініш берушіден толық тізбеде көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      332. Құрауыш операторы құрауышты іске асыру кезінде өтініш берушімен Шығындарды өтеу туралы келісім жасасады, онда мыналар көзделеді:

      1) құрауыш бойынша шығындарды өтеу сомасы және қажет болған жағдайда шығындарды өтеуге жұмсалатын сома туралы түсініктеме;

      2) кейіннен мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға жіберу үшін құрауыш операторының құрауыштың іске асырылуына мониторинг жүргізуі мақсатында өтініш берушінің құрауыш операторына Шығындарды өтеу туралы келісім жасалғанға дейін 2 (екі) жыл бұрынғы және жасалғаннан 2 (екі) жыл кейінгі деректерді қоса алғанда, өтініш беруші туралы статистикалық деректерді индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен құрауыш операторына таратуға келісім беруі;

      3) құрауыш бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеген жағдайда, құрауыш операторының өтініш берушіден құрауыштың іске асырылу барысы туралы ақпарат сұрату құқығы;

      4) Шығындарды өтеу туралы келісімнің шарттары бұзылған жағдайда, келісімді бұзу және құрауыш бойынша шығындарды өтеу түрінде берілген ақшалай қаражатты қайтарып алу.

      333. Құрауыш операторы Шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күннен бастап 2 (екі) жыл ішінде құрауыштың іске асырылу барысы туралы мониторинг жүргізеді.

      334. Құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының құрауышты іске асыру бойынша өзара іс-қимыл жасауы Құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының арасында жасалған тиісті келісім шеңберінде жүзеге асырылады, оның шеңберінде Құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторының консультанттарын құрауышты іске асыру мәселелері бойынша дүркін-дүркін оқытуды жүзеге асырады.

      335. Құрауышты Қаржылай емес қолдау операторының тарапынан іске асыру Қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырылатын болады.

"Технологиялық процестерді жетілдіру" құрауышы

      336. "Технологиялық процестерді жетілдіру" құрауышы:

      1) кәсіпорынның жалпы жұмыс істеуін оңтайландыруға;

      2) өнеркәсіптік дизайнды әзірлеуге;

      3) инженерлік ой мен шешімді дайындауға, жаңа конструкцияларды, технологияларды, жабдықтарды іздеуге және оларды өндіріске енгізу мүмкіндіктерін айқындауға;

      4) өнімдерді өндіру процестерін қамтамасыз етуге, сүйемелдеуге және басқаруға бағытталған.

      "Технологиялық процестерді жетілдіру" құрауышы бойынша шығындардың түрлері Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған.

      337. "Технологиялық процестерді жетілдіру" құрауышы қызметін Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған экономиканың басым секторларында кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асырып келе жатқан кәсіпкерлерге ұсынылады.

      338. "Технологиялық процестерді жетілдіру" құрауышының шеңберінде үшінші тұлғалар көрсеткен қызметтер үшін шығындарды ішінара өтеу жүзеге асырылады.

      339. "Технологиялық процестерді жетілдіру" құрауышы шеңберінде кәсіпорын жұмсаған шығындарды өтінім берілген күнге дейін кемінде 24 (жиырма төрт) ай бұрын 40 (қырық) пайызы мөлшерінде, бірақ күнтізбелік жылда 60 (алпыс) миллион теңгеден аспайтын мөлшерде өтеу көзделеді.

      340. Құрауышты ұсыну тетіктері:

      1) Қаржылай емес қолдау операторы бұқаралық ақпарат құралдарына Кәсіпкер сай келуге тиіс талаптарды, өтінімдерді қабылдау орындарын, оларға қоса берілетін құжаттар тізбесін, сондай-ақ егжей-тегжейлі ақпаратты қамтитын интернет-ресурсқа сілтемені көрсетіп, өтінімдер қабылдау туралы хабарландыруды орналастырады;

      2) өтінім мен оған қоса берілетін құжаттар КҚКО-ға немесе құрауыш операторына құжаттар тізімдемесімен бірге қағаз жеткізгіштерде ұсынылады;

      3) Қаржылай емес қолдау операторы белгіленген талаптарға сәйкес 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімдер мен оған қоса берілген құжаттардың толықтығы тұрғысынан тексереді және оларды құрауыш операторына жібереді. Өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда, Қаржылай емес қолдау операторы бұл туралы өтініш берушіге хабарлайды;

      4) өтінім мен қажетті қосымшалардың сәйкессіздігі туралы ақпаратты алғаннан кейін өтініш беруші сәйкессіздіктерді жояды және өтінім мен қоса берілетін құжаттарды КҚКО-ға Қаржылай емес қолдау операторының қарауына қайта енгізеді;

      5) Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде Өтінім мен қоса берілген құжаттарды қайтадан қарауды жүзеге асырады және сәйкессіздіктер болмаған жағдайда, өтінімді қоса берілген құжаттармен бірге Құрауыш операторына жібереді;

      6) құрауыш операторы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен 10 (он) жұмыс күні ішінде берілген өтінім мен оған қоса берілген құжаттарды белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады және шығындарды өтеу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды;

      7) құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторын өтініш берушінің әрбір өтінімі бойынша шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы қабылданған шешім жөнінде хабардар етеді;

      8) шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы қаржылай емес қолдау операторына құрауыш операторы қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісімнің қосымшаларымен бірге хабарламаны 2 (екі) данада өтініш берушінің қол қоюы үшін жібереді. Шығындарды өтеу туралы келісімге өтініш беруші қол қойғаннан кейін қаржылай емес қолдау операторы бір данасын Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен құрауышты одан әрі іске асыру үшін құрауыш операторына қайтарады;

      9) теріс шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторына өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін көрсетіп, хабарлама жолдайды. Кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру мақсатында Қаржылай емес қолдау операторы өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні туралы хабарламаның негізділігін қарайды.

      341. Өтініш беруші өтінімінің белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау құжаттардың толық тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.

      342. Өтініш берушіден толық тізбеде көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      343. Құрауыш операторы құрауышты іске асыру кезінде өтініш берушімен Шығындарды өтеу туралы келісім жасасады, онда мыналар көзделеді:

      1) құрауыш бойынша шығындарды өтеу сомасы және қажет болған жағдайда шығындарды өтеуге жұмсалатын сома туралы түсініктеме;

      2) кейіннен мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға жіберу үшін құрауыш операторының құрауыштың іске асырылуына мониторинг жүргізуі мақсатында өтініш берушінің құрауыш операторына Шығындарды өтеу туралы келісім жасалғанға дейін 2 (екі) жыл бұрынғы және жасалғаннан 2 (екі) жыл кейінгі деректерді қоса алғанда, өтініш беруші туралы статистикалық деректерді индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен құрауыш операторына таратуға келісім беруі;

      3) құрауыш бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеген жағдайда, құрауыш операторының өтініш берушіден құрауыштың іске асырылу барысы туралы ақпарат сұрату құқығы;

      4) Шығындарды өтеу туралы келісімнің шарттары бұзылған жағдайда, келісімді бұзу және құрауыш бойынша шығындарды өтеу түрінде берілген ақшалай қаражатты қайтарып алу.

      344. Құрауыш операторы Шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күннен бастап 2 (екі) жыл ішінде құрауыштың іске асырылу барысы туралы мониторинг жүргізеді.

      345. Құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының құрауышты іске асыру бойынша өзара іс-қимыл жасауы құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының арасында жасалған тиісті келісім шеңберінде жүзеге асырылады, оның шеңберінде құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторының консультанттарын құрауышты іске асыру мәселелері бойынша дүркін-дүркін оқытуды жүзеге асырады.

      346. Құрауышты Қаржылай емес қолдау операторының тарапынан іске асыру Қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырылатын болады.

"Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру" құрауышы

      347. "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру" құрауышы өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру үшін отандық кәсіпорындардың басқарушылық және өндірістік деңгейінің өсуін ынталандыруға бағытталған.

      348. "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру" құрауышы қызметін Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған экономиканың басым секторларында кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асырып келе жатқан кәсіпкерлерге ұсынылады.

      349. "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру" құрауышының шеңберінде үшінші тұлғалар көрсеткен қызметтер үшін шығындарды ішінара өтеу жүзеге асырылады.

      350. "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру" құрауышы шеңберінде кәсіпорын өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға арналған құжаттаманы әзірлеуге және/немесе прогрессивті басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге, сондай-ақ өндірілетін өнімді ілгерілету жүйесінің тиімділігін арттыруға жұмсаған шығындарды өтінім берілген күнге дейін 24 (жиырма төрт) ай бұрын 40 (қырық) пайызы мөлшерінде, бірақ күнтізбелік жылда 60 (алпыс) миллион теңгеден аспайтын мөлшерде өтеу көзделеді.

      "Өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыру" құрауышы бойынша шығындардың түрлері Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалады.

      351. Құрауышты ұсыну тетіктері:

      1) Қаржылай емес қолдау операторы бұқаралық ақпарат құралдарына кәсіпкер сай келуге тиіс талаптарды, өтінімдерді қабылдау орындарын, оларға қоса берілетін құжаттар тізбесін, сондай-ақ егжей-тегжейлі ақпаратты қамтитын интернет-ресурсқа сілтемені көрсетіп, өтінімдер қабылдау туралы хабарландыруды орналастырады;

      2) өтінім мен оған қоса берілетін құжаттар КҚКО-ға немесе құрауыш операторына құжаттар тізімдемесімен бірге қағаз жеткізгіштерде ұсынылады;

      3) Қаржылай емес қолдау операторы белгіленген талаптарға сәйкес 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімдер мен оған қоса берілген құжаттардың толықтығы тұрғысынан тексереді және оларды құрауыш операторына жібереді. Өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда, Қаржылай емес қолдау операторы бұл туралы өтініш берушіге хабарлайды;

      4) өтінім мен қажетті қосымшалардың сәйкессіздігі туралы ақпаратты алғаннан кейін өтініш беруші сәйкессіздіктерді жояды және өтінім мен қоса берілетін құжаттарды КҚКО-ға Қаржылай емес қолдау операторының қарауына қайта енгізеді;

      5) Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінім мен қоса берілген құжаттарды қайтадан қарауды жүзеге асырады және сәйкессіздіктер болмаған жағдайда, өтінімді қоса берілген құжаттармен бірге құрауыш операторына жібереді;

      6) құрауыш операторы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен 10 (он) жұмыс күні ішінде берілген өтінім мен оған қоса берілген құжаттарды белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады және шығындарды өтеу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды;

      7) құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторын өтініш берушінің әрбір өтінімі бойынша шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы қабылданған шешім жөнінде хабардар етеді;

      8) шығындарды өтеу туралы шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы қаржылай емес қолдау операторына құрауыш операторы қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісімнің қосымшаларымен бірге хабарламаны 2 (екі) данада өтініш берушінің қол қоюы үшін жібереді. Шығындарды өтеу туралы келісімге өтініш беруші қол қойғаннан кейін қаржылай емес қолдау операторы бір данасын Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидалары белгілеген тәртіппен құрауышты одан әрі іске асыру үшін құрауыш операторына қайтарады;

      9) теріс шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторына өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін көрсетіп, хабарлама жолдайды. Кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру мақсатында Қаржылай емес қолдау операторы өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні туралы хабарламаның негізділігін қарайды.

      352. Өтініш беруші өтінімінің белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау құжаттардың толық тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.

      353. Өтініш берушіден толық тізбеде көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      354. Құрауыш операторы құрауышты іске асыру кезінде өтініш берушімен Шығындарды өтеу туралы келісім жасасады, онда мыналар көзделеді:

      1) құрауыш бойынша шығындарды өтеу сомасы және қажет болған жағдайда шығындарды өтеуге жұмсалатын сома туралы түсініктеме;

      2) кейіннен мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға жіберу үшін құрауыш операторының құрауыштың іске асырылуына мониторинг жүргізуі мақсатында өтініш берушінің құрауыш операторына Шығындарды өтеу туралы келісім жасалғанға дейін 2 (екі) жыл бұрынғы және жасалғаннан 2 (екі) жыл кейінгі деректерді қоса алғанда, өтініш беруші туралы статистикалық деректерді индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен құрауыш операторына таратуға келісім беруі;

      3) құрауыш бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеген жағдайда, құрауыш операторының өтініш берушіден құрауыштың іске асырылу барысы туралы ақпарат сұрату құқығы;

      4) Шығындарды өтеу туралы келісімнің шарттары бұзылған жағдайда, келісімді бұзу және құрауыш бойынша шығындарды өтеу түрінде берілген ақшалай қаражатты қайтарып алу.

      355. Құрауыш операторы Шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күннен бастап 2 (екі) жыл ішінде құрауыштың іске асырылу барысы туралы мониторинг жүргізеді.

      356. Құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының құрауышты іске асыру бойынша өзара іс-қимыл жасауы құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының арасында жасалған тиісті келісім шеңберінде жүзеге асырылады, оның шеңберінде құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторының консультанттарын құрауышты іске асыру мәселелері бойынша дүркін-дүркін оқытуды жүзеге асырады.

      357. Құрауышты Қаржылай емес қолдау операторының тарапынан іске асыру Қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырылатын болады.

Жарияланған: 10.11.2016
Жаңартылған: 17.05.2018
© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі