Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамын бюджеттік кредиттеудің негізгі шарттарын бекіту туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 180-бабының 2-тармағына және «2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2019 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «ҚДБ-Лизинг» акционерлік қоғамы арқылы жолаушылар вагондары паркін жаңартуды қаржыландыру үшін кейіннен «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамын кредиттей отырып, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредиттеудің негізгі шарттары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамымен кредиттік шарт жасауды;

2) кредиттеудің негізгі және қосымша шарттарының орындалуын бақылауды;

3) бюджеттік кредиттің нысаналы және тиімді пайдаланылуын, өтелуі мен оған қызмет көрсетілуін бақылауды және мониторингілеуді қамтамасыз етсін.

3. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы (келісу бойынша) тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне кредиттің игерілуі туралы ақпарат берсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

     

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                          А. Мамин

Жарияланған: 15.01.2020
Жаңартылған: 14.01.2020
© 2020

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі